8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2021 2487 0
Қоғам

РУХАНИ ДАМУ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МАҚСАТЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

БҚО-ның камералық оркестрі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық халық аспаптары оркестрімен және  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі  сонау 1934 жылы академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен құрылған өнер ұжымы, бүгіндері тәуелсіз мемлекетіміздің інжу-маржанына айналған  Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық халық аспаптары оркестрімен  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі көп жылдық тарихы бар сонау 1935 жылы құрылған  Жамбыл атындағы  Қазақ  мемлекеттік  филармониясымен  өзара ынтымақтастық  туралы меморандум жасады.

Филармонияның тұңғыш директоры және көркемдік жетекшісі болып аса көрнекті музыкатанушы ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов қызмет атқарды. Сонымен қатар қара шаңырақ болып атанған  филармонияның  алғашқы құрамында қазақ өнерінде аты аңызға айналған атақты күйшілер Дина Нұрпейісова, Қали Жантілеуов, Оқап Кабиғожин, әншілер Әміре Қашаубаев, Жамал Омарова, Ғарифолла Құрманғалиев, Күләш Бәйсейітова, Бибігүл Төлегенова, ағайынды Ришад және Мүслім Абдуллиндер сынды біртуар жарық жұлдыздары жиналып, қазақтың музыка өнерін шыңдады. Ортақ  ниетке  тоғысқан қос өнер ұжымы мәдениет және өнер саласындағы  рухани  даму және ынтымақтастық мақсатын көздейді.

Аталған  құжат аясында тараптар мәдени маңызды іс-шараларды дайындау және іске асыру кезінде өзара көмек көрсетуге, орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өзара тәжірибе алмасуға, сондай-ақ музыкалық алаңды ұсыну бойынша бір-біріне қолдау көрсетуге ниетті.

Айта кетейік, БҚО камералық оркестрінің директоры Салтанат Абулғазиева 11 маусым күні  елордасы Нұр-Сұлтан қаласында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясымен» Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта тағы бірнеше өнер ұжымымен ынтымақтастық орнататындарын жеткізді. Биыл құрылғанына 10 жыл болған оркестр мерейлі датаға орай өзара серіктестік қарым-қатынас орнатқан қалалар мен елді мекендер сахнасында болашақта өнер көрсетпек.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
55 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
273 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
764 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1072 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1501 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2117 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2284 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2291 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2339 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2345 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1987 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2825 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2881 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2874 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3484 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3456 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3442 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3420 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3584 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3630 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»