РУХАНИ ДАМУ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МАҚСАТЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
БҚО-ның камералық оркестрі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық халық аспаптары оркестрімен және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі сонау 1934 жылы академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен құрылған өнер ұжымы, бүгіндері тәуелсіз мемлекетіміздің інжу-маржанына айналған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық халық аспаптары оркестрімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі көп жылдық тарихы бар сонау 1935 жылы құрылған Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады.
Филармонияның тұңғыш директоры және көркемдік жетекшісі болып аса көрнекті музыкатанушы ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов қызмет атқарды. Сонымен қатар қара шаңырақ болып атанған филармонияның алғашқы құрамында қазақ өнерінде аты аңызға айналған атақты күйшілер Дина Нұрпейісова, Қали Жантілеуов, Оқап Кабиғожин, әншілер Әміре Қашаубаев, Жамал Омарова, Ғарифолла Құрманғалиев, Күләш Бәйсейітова, Бибігүл Төлегенова, ағайынды Ришад және Мүслім Абдуллиндер сынды біртуар жарық жұлдыздары жиналып, қазақтың музыка өнерін шыңдады. Ортақ ниетке тоғысқан қос өнер ұжымы мәдениет және өнер саласындағы рухани даму және ынтымақтастық мақсатын көздейді.
Аталған құжат аясында тараптар мәдени маңызды іс-шараларды дайындау және іске асыру кезінде өзара көмек көрсетуге, орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өзара тәжірибе алмасуға, сондай-ақ музыкалық алаңды ұсыну бойынша бір-біріне қолдау көрсетуге ниетті.
Айта кетейік, БҚО камералық оркестрінің директоры Салтанат Абулғазиева 11 маусым күні елордасы Нұр-Сұлтан қаласында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясымен» Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта тағы бірнеше өнер ұжымымен ынтымақтастық орнататындарын жеткізді. Биыл құрылғанына 10 жыл болған оркестр мерейлі датаға орай өзара серіктестік қарым-қатынас орнатқан қалалар мен елді мекендер сахнасында болашақта өнер көрсетпек.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру

Пікір үстеу