ӨРТТЕН АЛТЫ АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 10 айында тұрғын үй секторында 300-ден астам өрт орын алып, салдарынан ын, 6 адам қаза болған.
Өрттің себептері іс жүзінде әрқашан бірдей – тозған коммуникациялар, жарамсыз электр сымдары, шылым шегу және қосулы электраспаптарын қараусыз қалдыру. Тұрғын үйлердің көпшілігі пешпен жылытылады. Статистикалық мәліметтер бойынша, әрбір тұрғын үй мен аула құрылыстарындағы оныншы өрт пештер мен түтін мұржаларының ақаулығынан, олардың дұрыс орнатылмауынан немесе дұрыс пайдаланбаудан болады.
Төтеншеліктер өрттің көбейіп, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының артуына байланысты халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі сенбілігі өткізіліп, тұрғын үй иелеріне өртке қарсы тақырыптағы жаднамалар, буклеттер мен нұсқаулықтар табыс етілуде. Жыл басынан бері департамент қызметкерлері 13 мыңға жуық ауланы аралап, қырық мың адамға түсіндіру жүргізді. Сонымен қатар жиналыс, халықпен кездесу, жиындар мен нұсқаулықтар өткізілген.
Өрт болмас үшін әр адам өз үйінде ерекше көңіл аударып, жол бермеуі тиіс мәселелер бар. Атап айтқанда, отты ұқыпсыз пайдалану, құрылыстар маңында және желді ауа райында от жағуға болмайды. Қосылған электр және газ құралдарын қараусыз қалдырмау керек. Төсекте, лоджияларда және балкондарда темекі шегу де оттың тууына себеп болуы ықтимал. Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Олардың сіріңкемен ойнауына және электр және газ құралдарын пайдалануына рұқсат бермеген дұрыс. Бірнеше қуатты электр тұрмыстық аспаптарды бір розеткаға қосу жолымен электр желілерін шамадан тыс жүктеу, зауытта дайындалмаған электр сақтандырғыштарды, қолдан жасалған абажурларды (шырағданның қалпақтарын), жарықтандыру электр шамдарын және қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды қолдану, жертөлелерде және шатырларда жанғыш сұйықтықтар мен материалдарды, түрлі тұрмыстық қоқыстарды, жиһаздарды, қағаз және т. б. сақтау қауіпті.
Естеріңізге сала кетейік, шұғыл қызметтерді шақырудың бірыңғай телефоны – «101» немесе «112». Қоңыраулар кез келген ұялы байланыс операторларының телефондарынан, сондай-ақ үй телефондарынан жүзеге асырылады. Әрбір қоңырау тәуліктің кез келген уақытында тегін қабылданады.
Версия для печати
Пікір үстеу