ӨРТКЕ ҚАУІПТІ АУДАНДАР ӘУЕДЕН БАРЛАНДЫ
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары өртке қауіпті аудандарды аралап шықты.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бөкей ордасы ауданына «Қазавиақұтқару»АҚ тікұшағымен барды. Ұшу барысында облыстық өртке қарсы штаб басшылығымен бірлесіп аймақтың өрт қауіпті учаскелерін аэровизуалды тексеру жүргізілді. Тікұшақ Ақжайық, Жаңақала, Теректі, Бөкей ордасы, Бәйтерек аудандарының үстімен өтті. Депутаттар сапар барысында Жаңақала және Бөкейордасы аудандарындағы өрт қауіпсіздігі жағдайы мен өртке қарсы жағдаймен танысты, күштер мен құралдардың дайындығы туралы аудан әкімдері баяндады.
Батыс Қазақстан облысының ормандарындағы өрт қаупті маусымы 15 сәуір күні жарияланған болатын. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері жалпы ауданы 2,5 га 1 орман өрті және жалпы ауданы 1194 га 93 жану тіркелді, олардың барлығы дер кезінде анықталып, жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи өрттер мен жанудың алдын алу және сөндіру үшін бүгінгі күні саны 2759 адам болатын 150 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды. Елді мекендерді қорғау бойынша ЕӨҚ-ның қаруландыруында 126 су тасушы, 367 трактор, 366 басқа бейімделген техника, 1758 аспалы өрт сөндіргіш, 119 мотопомпа және 1648 басқа да бастапқы құралдар бар.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 10 өрт сөндіру бекетін құрған. Олардың екеуі Тасқала ауданының Шежін-2, Оян ауылдарында, екеуі Шыңғырлау ауданының Ақтау, Аршалы, Бөкейорда ауданының Ұялы, Теректі ауданының Аңқаты және Жәнібек ауданының Ұялы ауылдарында, Сырым ауданының Тоғанас, Бәйтерек ауданындағы Үлкен Шаған және Егіндібұлақ ауылдарында. Аталған өрт сөндіру бекеттері радиусы 25 шақырым жақын орналасқан 39 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ақжайық, Казталов аудандарында өрт сөндіру бекеттерін құру үшін қаражат қарастырылған, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды.
Сонымен қатар, апта сайын демалыс күндері БҚО ТЖД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз от жаққандарды анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді. Рейд қорытындысы бойынша 85 жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 336-бабы бойынша хаттама жасалып, 2 жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 367-бабы бойынша 2 хаттама жасалып, 24050 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жалпы өрт жағдайы облыстық өртке қарсы штабтың тұрақты бақылауында.
Версия для печати
Пікір үстеу