ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛУДЕ
Жаз келісімен өрт қаупі күшейеді. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі таңда облыстық аумақтық испекциямен бірлесіп өрт қауіпті кезеңіне дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Облыс аумағында 8 орман шаруашылығы бар. Қазіргі уақытта БҚО ТЖД аумақтық инспекциямен бірлесіп, өрт қауіпті кезеңі қарсаңында орман шаруашылығы мекемелерінің дайындығына тексеріс жүргізуде. Батыс Қазақстан облысының ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының мәліметінше, тексеру кезінде жеке құрамның жауынгерлік дайындығы, өрт сөндіру жарағы және техникасымен қамтамасыз етілуі тексеріледі. Бұдан басқа мемлекеттік орман иеленушілердің Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының аумағында санитарлық тазалау, өртке қарсы қалқандардың орналасуы, өртке қарсы қорғаныш жолақтары, каналдар бойынша іс-шаралар жүргізулері бойынша орман алқаптарына комиссиялық тексерулер жүргізілуде.
Атап өтетін жайт, өрт қауіпті кезең басталысымен БҚО ТЖД гарнизоны күшейтілген режимге ауысып, БҚО ДП Жергілікті полиция қызметінің атты батальоны және Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп орман алқаптарында, адамдардың жаппай демалыс орындарына рейд жұмыстарын жүргізеді. Өткен жылғы өрт қауіпті кезеңінде орман алқабында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК 367-бабының 1-тармағына сәйкес 36 хаттама толтырылып, жалпы соммасы 486 975 теңге көлемінде айыппұл салынған.
2018 жылы Батыс Қазақстан облысы аумағында жалпы ауданы 193,3 га құрайтын 7 орман өрті және жалпы ауданы 4223 га құрайтын 4 дала өрті , сонымен қатар жалпы ауданы 24959,8 га құрайтын 456 құрғақ шөптердің жану фактілері тіркелді.
Версия для печати
Пікір үстеу