Құрлысшыларға ескерту берілді
Кеше БҚО әкімдігінің ғимаратында облыс әкімінің төрағалығымен тұрғын үй құрылысы бойынша үлкен кеңес өтіп, БҚО құрылыс басқармасының бастығы Әлібек Антазиев биылғы жылы атқарылған құрылыс жұмыстары бойынша есеп берді.
Биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 532,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының көлемі – 170,8 млрд. теңгені құраған екен. Орал қаласында 3 көпқабатты тұрғын үй , ауылдық елді мекендерде 5 жалға берілетін тұрғын үй барлығы – 87 пәтер пайдалануға берілген. Алайда, өңірдің құрылыс саласында өзекті мәселелер аз емес. Аталмыш басқарма басшысы Әлібек Антазиевтың баяндамасын тыңдаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев жиынды қортындылап, бірқатар құрылыс компанияларының өкілдеріне ескерту берді. Нақты шешімін айтты. Егер, биылғы жылы басталған құрылыс келер жылға дейін аяқталмаса, жағдайлары күрделене түседі. Сондықтан мердігерлер құрылыс нысандарындағы жұмыстарын мерзімінде орындауы тиіс.
Әсіресе, облыстағы бірнеше әлеуметтік нысанның құрылысын бастап, аяқтамай отырған «Град строй сервис» ЖШС-нің аймақтық директоры Бейбарыс Манашқа қатаң түрдегі ескерту берілді. Мәселен, аудандардағы құрылысты айтпағанның өзінде Оралдағы 8-ші мектептің күрделі жөндеуі әлі күнге дейін бітер емес. Оның айтуынша, жұмыстар алдағы жылдың күзіне дейін созылуы мүмкін. Мердігердің жауабына көңілі толмаған өңір басшысы оған жазға дейін бұл жұмысты аяқтауды тапсырды. Егер тапсырма орындалмаса құрылыс компаниясының ісі сотқа тартылмақ.
Ал, БҚО әкімдігімен 2023 жылға облыс үшін белгіленген лимит 1,6 млрд. теңгені құрайды. 148 пәтерлік 10 үй құрылысын жүргізуге және 23 пәтерді сатып алуға бюджеттік өтінім жолданып, алдын ала қолдау тапты. Сонымен қатар, 2023 жылға ауыспалы кредиттік үйлер құрылысын аяқтауға және жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бастауға 17,4 млрд. теңгеге мемлекеттік бағалы қағаз шығару жоспарланып отыр. Жергілікті бюджеттен кредиттік үйлер құрылысын қоса қаржыландыру сомасы 2,3 млрд. теңге көлемінде көзделген.
Айнара Иса
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу