ҰРЛЫҚ 30 МИНУТТА АШЫЛДЫ
Өткен жылдың соңғы күндерінің бірінде, нақтырақ айтсақ, 2018 жылғы 30 желтоқсанда, түнгі сағат 23.51 шамасында Орал қаласы полиция басқармасы кезекші бөлімінің жедел кезекшісіне қала ішіндегі зәулім сарайдай екі қабатты үйге ұры түсіп, үйдің астан-кестеңі шыққаны, әр бөлменің қопарылып, шкафтардың төңкеріліп жатқаны туралы суыт хабар түседі. Пәтер ұрлығы тіркелген оқиға орнына басқарманың тәуліктің кезекшілікке түскен жедел-тергеу тобы сол мезетте барды. Көзі шарасынан шыға жаздап, ашуға булыққан үй иесі 1969 жылғы Айсәуле есімді азаматша полиция қызметкерлерін көріп қуанып кетті.

Расында да, айналасы түрлі-түсті қаңылтыр қақпамен қоршалған, коттедждің барлық терезелеріне темір тордан қоршау мықтап дәнекерленіп бекітілген, екі қабатты үй екен. Үйдің іші де, сырты да заманауи жабдықталған, әр бөлме жарқырап тұр. Бөлмелерді шапшаңдатып аралап, ақша іздеген болса керек. Тартпалар мен суырмалары ашылып, киімдер мен жер төсеніштері, едендегі кілемдер жылжыған. Үй иесі Айсәуленің айтуынша, үйден 8 мың 500 Ресей рублі ұрланған. Пәтер ұрлығының ізін суытпай ұрының соңына түскен жедел уәкіл мен тергеуші үй сыртын айналып, кіріп-шыққан бағытын бажайлап жүр. Ал, кримналист осы тұспен жүруі мүмкін деген алғашқы аяқ киім іздері мен саусақ іздерін, терезе жақтауларын мұқият қарады. Алдыңғы тұстағы бір терезенің сыртқы темір қоршауын бұзып ашып, үйге кіргенін анықтаған да криминалист еді. Бұл күні басқарманың жедел криминалистикалық бөлімінің криминалисі полиция аға лейтенанты Мади Тастілеуов іздерді анықтау мақсатында кәсіби шеберлігі мен біліктілігін аямады. Екінші қабатқа көтерілгенде баспаның жақтауларын ұстағандағы алақан мен саусақ іздерін, терезе жақтауларына түскен саусақ іздерін, аяқ киім іздерін анықтады. Түн жарымында орын алған пәтер ұрлығы туралы бейнежазба жазылып, бірнеше айғақтар жинақталды.
Содан басқармадағы қызмет кабинетіне келген криминалист Мәди Тастілеуов іздерді өз саласы бойынша анықтап, зерделейді. Жарты сағат ішінде барлық іздерді базаға енгізген полиция қызметкері бұл саусақ пен алақан және аяқ киім іздерінің кімге тиесілі екенін тапты. Бұған дейін де, заң алдында жауапкерщілікке тартылған 1995 жылы туылған, Орал қаласының тумасы болып шықты. Күдікті деп танылған азаматты жедел уәкілдер түнімен іздеп, басқармаға жеткізіп, сұрақ-жауап алғанда пәтер тонағанын мойындады. Ұрлыққа қалай дайындықпен барғанын, үйде кісі болмайтын уақытты аңдып жүргенін, әдейі көз байланған уақытты күтіп, Жаңа Жыл қарсаңында туысқандарға қыдырып кеткен болар-ау деген жорамалмен баяу келіп, тонағанын баяндап берген. Бүгінгі күні Орал қаласының полиция басқармасы пәтер тонаған күдіктінің үстінен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Осылайша, Жаңа Жыл қарсаңындағы пәтер ұрлығы криминалист полиция аға лейтенанты Мәди Тастілеуовтің кәсіби шеберлігі мен шапшаңдығы арқасында жарты сағатта ашылды.

Гүламан Исмагулова, Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу