8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2019 2119 0
Өзек

Өрімталдардың өкінішті өмірі

 

Қазіргі таңда маскүнемдік пен нашақорлық жаһандық қатер саналып, бүгінгі күннің бас ауруына айналып отыр. Өкінішке орай, бұл қауіпті дерттен батыс аймағы да шет қалған жоқ. Статистикаға сүйенсек, өңірімізде маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлыққа салынған 5000-ға жуық адам есепте тұр. Облыстық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық бөлімшесінде былтыр күндізгі стационарда 630 науқас ем қабылдаса, 760 адам жатып емделіп шыққан. Ал жыл басынан бері 60 адам көмекке жүгінсе, оның жетеуі нәзік жандар екен. Орталық жанындағы «Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру» бөлімшесіне күніне 25-30 адам әкелінеді. Олар мас болып, қоғамдық тәртіпті бұзғандар. Бөлімше мамандары полицейлер айықтырғышқа әкелгендердің қатарында қаракөздеріміздің қатары көбейгенін айтып дабыл қағуда.

23 адам емделуде
Осы орайда маскүнемдіктің адам денсаулығына зияны, емдеу жолдары туралы облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты наркологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Асқар Мырзағалиевке жолыққан едік. Біз барған сәтте медбикелер ішімдіктен арылуға өз еркімен келген өрімдей жап-жас қызды палатаға алып бара жатты. 32 жылдан бері осы саланың сырына қанық дәрігер психиатр-нарколог Асқар Мырзағалиұлының айтуынша, қазіргі таңда мұнда 23 адам ем қабылдап жатса, оның 4-уі әйел адам. Бүгінде аталмыш дертке шалдыққандардың қатары артпаса, кемімей отыр. – Бұрын бөлімше өз алдына дербес мекеме болғанда келген адамды дереу қабылдап, ем-домын бастайтын едік. Қазір екі диспансер қосылған соң, көмекке жүгінгендер алдымен облыстық психикалық денсаулық орталығының қабылдау бөлімшесіне жолығады. Содан соң екі жұмадан бір айға дейін осында жатып емделеді. Олармен социолог, психологтар жұмыстанады. Емделіп шыққан соң осы сала бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауына жібереміз. Маскүнемдікке тәуелділер ішімдікке салынуына түрлі себептерді сылтау етеді. Екі науқасты анасы жетелеп әкелді. Бізден емделіп, «енді ішімдікті аузыма алмаймын» деп кеткенімен, қайта келетіндер көп. Адамның ерік-жігері мықты болмайынша, бұл дертті жеңе алмайды, – дейді дәрігер психиатр-нарколог. Қазіргі таңда наркологиялық бөлімшеде екі дәрігер, 15 медбике мен кіші қызметкерлер еңбек етуде.

«Тепсе темір үзетін» жастар көп
Палаталарды аралап жүргенімізде, мұндағы науқастардың арасында «тепсе темір үзетін» жастардың қатары көп екенін байқадық. Ішімдікті өз еркімен тастай алмай алты күннен бері осы мекемеде ем қабылдап жатқан К. есімді азамат отбасына «түзелемін деп» соңғы уәдесін беріп келіпті. – Жасым – 43-те. Маскүнемдікке әбден салынғаным соншалық, айлап үйдің бетін көрмей кетемін. Алматы технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша бітірдім. Алматы, Астана қалаларында түрлі салада еңбек еттім. Ұлым мен қызым Астана қаласында білім алып жүр. Жұбайым – саудагер. Егер толық жазылып шықсам, ойлаған жоспарларымды жүзеге асырамын, – дейді ол.

10526 адам түнеп шыққан
Қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, жұрттың мазасын алғандарды заң басынан сипамайды. Оларды ортадан оқшаулап, мастығынан айыққанша ұстайтын орындар бұрын да бар еді, қазір де жұмыстарын жаңғыртуда. Мекеменің бүгінгі ахуалын таразыламақ оймен аталмыш бөлімше меңгерушісі Ерлан Шумбаловтың да алдына барған едік. Оның мәліметіне сүйенсек, қаладағы облыстық психикалық денсаулық орталығы жанындағы Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы 2011 жылы өз жұмысын бастаған. Бұрын «медайықтырғыш» аталған бөлімшеге қазір қала көшелеріндегі орташа деңгейдегі ішімдік ішкендер әкелінеді. Өйткені шайтан суға тойып алғандар өзгенің тыныштығын бұзып қана қоймай, қылмысқа дейін барады екен. Бірақ, тәртіпті бұзғандар полиция бөлімшесіне емес, осы уытсыздандыру орталығына жеткізіледі. Өйткені алкогольді ішімдікке сылқия тойғандарға мұнда медициналық әрі психологиялық көмек көрсетіледі. Осы мақсатта мекемеде 6 дәрігер, 17 медбике мен бақылаушы санитар, 11 кіші қызметкер жұмыс істейді. Орал қаласында аталған орталық елу орынға лайықталған. 2017 жылы 11197 адам облыс бойынша бейімдеу және уытсыздандыру орталығында түнесе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 10526-ға азайған. Оның 7281-іне емдеу-айықтыру шарасы жүргізілген. Солардың 490-ы – әйел адам. Ал жыл басынан бері 826 адам әкелінсе, 501-і түнеген.

Құнды заттары жоғалмайды
– Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы орта дәрежедегі мастық күйде қоғамдық тәртіп бұзған азаматтар мен азаматшаларды қабылдайды. Оларды Ішкі істер қызметкерлері жеткізеді. Медициналық куәландырудан өткізгеннен кейін пациентті орналастырмас бұрын тіркеу журналына оның құжаттарының, жеке заттарының, яғни киімі, ақшасы, басқа да құндылықтарының бар-жоғы бейнебақылау камерасы арқылы таспаға жазылады. Және медицина қызметкері мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің қолымен куәландырылады. Орталықта наркологиялық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Жылына екі және одан да көп түскен пациент профилактикалық есепке алынып, облыстық наркологиялық диспансерде, учаскелік дәрігер-наркологта ем алып, профилактикалық-психологиялық көмек алады. Орталықта пациентке тәулік бойы 2 рет үйіне қоңырау шалуға жергілікті ұйым басқармасы атынан рұқсат етілген, – дейді Ерлан Махмудұлы. Мамандардың айтуынша, бұрын айықтырғыш қызметі тек мас адамның осы ғимаратта ұйықтап шығуымен ғана шектелетін. Қазір сараптама жасалып, масаю дәрежесі анықталады екен. Қажет болған жағдайда оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Асқазандары шайылып, дәрі тамызғыш қояды. Маскүнемдерді «Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына» жеткізу бәз-баяғысынша полицейлердің еншісінде. Медиктер жеңіл дәрежеде масайғандарды үйлеріне жібереді, ал қалғандарына 3 сағаттай бақылау жасайды. Егер осы уақыт ішінде «ащы суға тойғандар» есін жиса, демек дәрігерлер өз істерін дұрыс атқарғаны. Ал егер оның жағдайы бұрынғыша ауыр күйде қалса, дәрігерлер оған медициналық кәртішке ашып, ол стационарлық жағдайда емделетін болады. Орталыққа келу және емделу тегін.

«Мені мұнда кім әкелді?»
Кейде түнгі уақытта мұнда «қонаққа» келетіндер саны күрт артатын көрінеді. Соңғы кезде аузынан арақ құрғамайтын ару қыздар, бойжеткендер көбейген. Ащы суға сылқия тойып алғандарға желік бітіп, айналасындағыларына жұдырық ала жүгіретіні белгілі. Сондықтан араққа масайғандарды емдеу, олармен тіл табысып сөйлесу мұндағы нәзікжанды дәрігерлерге тіптен қиын.
– Сауыққан соң «Мені мұнда кім әкелді? Заңсыз неге әкелесіздер?» деп айқай шығаратындар да бар. Кафеден, моншадан қалай осы жерге жеткендерін білмей қалады. Бір өкініштісі, киімсіз келетіндер көп. Сол себепті іш киімнен бастап, аяқ киімге дейін әкеліп қоюға тырысамыз. Қыс мезгілінде жалаң аяқ, жалаң бас қайда жібереміз? Кей жағдайда егер туыстарының телефондары есінде болса, қоңырау шаламыз. Көбісі құжаттары жоқ екенін айтып, аты-жөндерін жалған береді. Бұл да үлкен мәселе тудырады, – деген орталықтың аға мейіргері Тамара Бекболатова қазір ішімдікке құмарлардың қатарында әйелдердің көбейгенін айтып қынжылды.
Қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі бекіткен кезекші тіркеуге алып, егер маскүнемнің қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталса, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 440-бабына сәйкес алғаш ұсталғанда бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Жыл ішінде сорақы әдетін қайталағанға бұл жаза екі еселенеді. Үшінші мәрте тәртіп бұзса, әкімшілік сот арқылы бес тәулікке қамауға алынады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
44 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
261 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
754 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1131 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1063 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1491 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2107 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2274 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2280 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2329 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2335 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1978 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2814 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2871 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2864 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3474 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3446 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3432 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3410 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3574 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3620 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»