8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Наурыз 2020 1119 0
Қоғам

РЕСМИ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮГІН!

              Төтенше жағдай кезінде қаладағы такси тасымалы қызметі мен қоғамдық көліктердің жұмысына қойылатын қосымша шектеу шаралары туралы бүгін кешкісін өңірлік коммуникациялар қызметінің Aqjaiyq телеарнасындағы баспасөз орталығында құзырлы сала басшылары мәлімдеді.

  

Тікелей эфирде Орал қаласы әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285-ші Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығына және БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің облыс аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы қаулылары негізінде және  ҚР Автомобиль көлігі туралы Заңына сәйкес, халықты карантин уақытында тек қана ресми тіркелген таксомоторлық компаниялардың қызметін пайдалануға шақырды. Қалада қазір мұндай таксилер қатарында «Азия», «Империя», «Каспий Транзит» және «Ардагер-ОКСВА»  секілді төрт такси мекемесі ғана бар. Олар барлық қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Такси тасымалдаушыларға қойылатын талаптарға толықтай сай келеді. Қазіргі жағдайда жүргізушілерде жеке қорғану құралдары, маска, қолғап болуы тиіс және үш адамнан артық алуға рұқсат етілмейді. Автокөлік салонында дезинфекция құралдары жеткілікті болуы керек. Салонды екі сағат сайын желдету маңызды.

Сондай-ақ БҚО бас санитарының қаулысына сай, енді қоғамдық көлік кестесі өзгереді. Қоғамдық көліктер санитарлық эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат таңғы 6.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Көліктер антисептикалық заттармен қамтамасыз етіліп, жолаушыларды толтыруы 40 пайыздан аспауы тиіс. Қоғамдық көлікке жеке қорғану құралдарымен кіруге ғана рұқсат етіледі. Шектеулерді енгізу негізінде адамдардың азаюына байланысты барлық қалаішілік автобустар саны қысқартылады. Қозғалыс жиілігі 15-30 минутты құрайды.Қала маңындағы маршруттардың жұмысы карантин уақытында тоқтатылады.

Өз кезегінде БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Менеев облысішілік 23 маршрут, екі облысаралық автобус қызметін тоқтатқанын мәлім етті. Бүгіннен бастап автобекет жұмысын тоқтатады. Пойыздар да жүрмейді.

Ал БҚО көлікті бақылау инспекциясының автомобиль көлігін бақылау бөлімінің басшысы Серік Үбішевтің сөзіне сүйенсек, бүгінде жылжымалы көлік бақылау бекеттері тәулік бойы жұмыс атқаруда. Көліктер толықтай тексерілуде, ешқандай жеңілдік жоқ. Осы орайда сала басшысы тұрғындардан ресми түрде тіркелген автокөліктер қызметіне жүгінуді сұрады. Себебі, вирустың таралуына жол берген осы тасымалдаушылар. Сондықтан талапқа сай таксилерді пайдаланған жөн.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
135 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
171 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
418 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
900 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1278 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1167 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1636 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2253 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2418 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2425 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2476 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2481 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2082 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2960 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3013 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3007 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3622 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3589 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3580 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3716 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»