«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
Бүгін, сәуірдің 4-і күні «Казгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапанов баспасөз өкілдерімен Жайық жағасында кездесіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.

«Казгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың айтуынша, Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан секундына 790 шаршы метр көлемінде күн сайынсу деңгейі артуда. Мұның барлығы судың көлеміне байланысты болады.
– Орынборда су тасқыны басталды. Жайық өзенінің деңгейі Орынбордың гидробекетінде бір тәулікте 1 метр, 80 сантиметрге көтерілді. Облыстың басты өзені Орал қаласының тұсында 587 сантиметрді көрсетті. Кейінгі төрт сағатта су деңгейі 13 сантиметрге түсті. Себебі, өзен мұздан түгелдей арылған жоқ. Алдағы уақытта Ресейден мол су келмекші. Шаған өзенінің су деңгейі 1282 сантиметрге жетіп, қауіпті деңгейден 2 сантиметрден асты. Су бір – екі тәулікте Чувашин ауылының тұсына, 12 сағатта Орал қаласына жетеді. Соңғы 30 жылдың ішінде Жайық өзенінің су деңгейі 850 см – ге көтерілген еді. Егер, 1942 жылы су деңгейі 945 см болса, 1957 жылы 933 см, 2005 жылы 778 см, 2011 жылы 587 сантиметрге көтерілген.
Шыңғырлау ауданында 783 см, яғни, қауіпті деңгейден 33 см – ге өсті. Бұл ауданда су тасқыны тіркелмеді. Тек қана өзеннің су деңгейі 753 см болғанда ғана су жайылады. Алдымен өзен суы Ресей аймағынан өтіп, сол жердегі елдімекендерге қауіп төндіреді. Бәйтерек ауданындағы Быковка өзені, Құрманғазы ауылы тұсындағы гидробекетте су деңгейі 819 сантиметр. Қауіпті жағдай 9 сантиметрден асқанда болады. Казталов ауданындағы Қара және Сары өзенінің жағдайы тұрақты, – дейді «Казгидромет» филиалының басшысы Т. Шапанов.
Гүлім НҰРҚАТ
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру