8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2024 2856 0
Қалалықтар қаперіне

«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар

Бүгін, сәуірдің 4-і күні  «Казгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапанов баспасөз өкілдерімен Жайық жағасында кездесіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.


«Казгидромет» РМК БҚО фили
алының директоры Тілеген Шапановтың айтуынша, Орынбор  облысындағы Ирикла су қоймасынан секундына 790  шаршы метр көлемінде күн сайынсу деңгейі артуда. Мұның барлығы судың көлеміне байланысты болады.

 –   Орынборда су тасқыны басталды. Жайық өзенінің деңгейі Орынбордың гидробекетінде бір тәулікте 1 метр, 80 сантиметрге көтерілді. Облыстың  басты өзені Орал қаласының тұсында 587 сантиметрді көрсетті. Кейінгі төрт сағатта су деңгейі 13 сантиметрге түсті. Себебі, өзен мұздан түгелдей арылған жоқ. Алдағы уақытта Ресейден мол су келмекші. Шаған өзенінің су деңгейі 1282 сантиметрге жетіп, қауіпті деңгейден 2 сантиметрден асты. Су бірекі тәулікте Чувашин ауылының тұсына, 12 сағатта Орал қаласына жетеді.   Соңғы 30 жылдың ішінде  Жайық өзенінің су деңгейі 850 смге көтерілген еді. Егер, 1942 жылы су деңгейі 945 см болса, 1957 жылы 933 см, 2005 жылы 778 см, 2011 жылы 587 сантиметрге көтерілген.

Шыңғырлау ауданында 783 см, яғни, қауіпті деңгейден 33 см – ге өсті. Бұл ауданда су тасқыны тіркелмеді. Тек қана өзеннің су деңгейі 753 см болғанда ғана су жайылады. Алдымен өзен суы Ресей аймағынан өтіп, сол жердегі елдімекендерге қауіп төндіреді.  Бәйтерек ауданындағы Быковка өзені, Құрманғазы ауылы тұсындағы гидробекетте  су деңгейі  819 сантиметр. Қауіпті жағдай 9 сантиметрден асқанда болады. Казталов ауданындағы Қара және Сары өзенінің жағдайы тұрақты, –  дейді «Казгидромет» филиалының басшысы Т. Шапанов.
                                                                                                      Гүлім НҰРҚАТ 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
15 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»