ҚР Президенті өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына мәлімдеме жасады.

«Мен ҚР Президенті ретінде өкілеттігімді тоқтатамын деп шештім. Әрине бұл оңай шешім емес. Биыл ең жоғарғы лауазымдағы міндетімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады» – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде осылай деді.
«Халқым маған Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу мүмкіндігін берді. Кеңес империясы құлаған сәтте біздің саясатымыз бен экономикамыз құлдырап қалғанын білесіздер. Ел ішінде қобалжу мен түсініксіз жағдайлар орын алды. Ішкі жалпы өнім екі есеге қысқарды, азық-түлікпен тауарлардың тапшылығы сезілді. Бір мезетте ірі зауыттардың барлығы тоқтап қалды. Бұл сынақ болатын. Біз осы сынақтан өтіп, Қазақстанның даму жолына белсене кірісіп кеттік», – деді ол.
Сонымен қатар ол, елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беретінін де айтып өтті.
«Өткен жылдардағы сайлауларда сіздер маған сенім артып, бастамаларыма қолдау білдірдіңіздер. Маған халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін. Заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш президент Елбасы, Ұлт көшбасшысы мәртебесіне ие болдым. Елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. Өздеріңізбен бірге боламын, еліміздің қамы менің мүддем болып қала береді»,-деді ол.
ҚР Президенті сайлауына дейін Президенттің міндетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасымжомарт Тоқаев атқарады.
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу