8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2021 1253 0
Қоғам

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Е.ТОҒЖАНОВ БҚО-ҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Бибігүл Асылова өңірдегі оқушылардың білім алу жағдайын назарға алып, осы ретте білім ұяларында болды.

Министрлік өкілдеріне Орал қаласы Меловые горки елдімекеніндегі №18 орта мектептің құрылыс жұмысы таныстырылды. Жаңа білім ұясының салынуы елдімекендегі үшауысымды оқытуды жоюға мүмкіндік бермек.

Мектеп құрылысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында осы жылдың маусымында басталған болатын. Құрылысқа 1.2 млрд. теңге бөлінген. Мердігер мекеме – «Альтаир» ЖШС.  Құрылыстың аяқталуы жоба бойынша 2022 жылдың ІІ тоқсаны. Десек те мердігерлердің қарқынды жұмыс жүргізуінің нәтижесінде 300 орындық нысанның осы жылдың соңына дейін аяқталуы күтілуде.

Жаңа ғимараттың пайдалануға берілуімен қазіргі уақытта 1988 жылы салынған 60 орындық  мектеп ғимаратында үш ауысыммен білім алып жатқан 276 оқушы көшірілетін болады. Сондай-ақ бұл ғимараттың пайдалануға берілуі елдімекенде мектепке дейінгі жастағы балғындарды мектепке дейінгі ұйыммен қамту мәселесінің  шешілуіне оң ықпал етпек.

БҚО құрылыс басқармасының  басшысы Әлібек Антазиев мәлім еткендей, облыста қазіргі уақытта 4 үшауысымды және 8 апатты жағдайдағы мектеп бар. Мәселелерді шешу үшін 10 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның екеуі – жергілікті бюджет есебінен, екеуі жеке инвесторлар есебінен салынуда. Ал төрт мектеп – «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламамен бой көтеруде

Жыл соңына дейін  облыс орталығындағы №33 мектеп ғимараты және Қазталов ауданындағы Сарықұдық мектебі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1000 мектеп салу туралы тапсырмасына орай облыста  81 мектеп салу  міндеті тұр. Оның 51-і шағын комплектілі болса, 20 мектеп 300-ден астамға орынға есептеледі. Сонымен қатар жеке инвесторлар есебінен 10 мектеп жоспарланған. 2025 жылға дейін бұл міндетті орындау үшін 45 млрд. теңгеге жуық қаражат қажет. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтан қолдау көрсету сұралды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
107 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
326 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
811 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1188 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1107 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1549 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2164 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2330 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2337 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2388 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2390 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2025 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2873 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2925 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2923 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3532 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3502 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3490 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3469 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3630 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3676 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»