8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2019 2091 0
Қоғам

ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде ұсынымды қарау бойынша кезекті кеңес өткізілді

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша күшейтілген алдын алу шараларын қабылдауда.

Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен көшпелі кездесулер өткізу практикасы бар.

2019 жылдың 17 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу өткізілді.

Кездесуге облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша енгізілген ұсыныс себеп болды.

Айта кету керек, сотқа дейінгі тергеулердің алдында «Сырым» бекетінде ұзын кезектің пайда болу фактілері болған.

Біз сотқа дейінгі тергеу шеңберінде де, жұртшылықпен бірлесіп Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мониторингілеу шеңберінде де осы проблематикаға талдау жасадық.

Талдаумен ҰҚК Шекара қызметінің және мемлекеттік кірістер департаментінің статистикалық есептілігінде айқын айырмашылықтар анықталды.

Шекара қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың сәуір – маусым айларында «Сырым» өткізу бекеті арқылы 55 618 жүк автокөлігі жүріп өткен. Облыс мемлекеттік кірістер департаментініңмәліметтері бойынша бұл сан 23 008 жүк көлігін құрады, бұл ҰҚК ШҚ мәліметтерімен салыстырғанда 32 610-ге аз. Осы мәселелер бойынша ресми түсіндірулерден мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы қалыс қалды.

Айта кету керек, дәл осы айқындық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау шарттарының бірі болып табылады.

Бұдан басқа, МКД қызметкерлерінің жүргізушілермен тікелей байланысуына, Интернеттің жылдамдығының баяулығына (МКД автоматтандырылған деректер базасы нашар жұмыс істейді), бейнекамералармен және т. б. жеткіліксіз жабдықталуына байланысты бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айтылды.

Алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу мақсатында МКД басшылығына тиісті ұйымдастырушылық шараларды қабылдау ұсынылды.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
114 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
89 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»