Бүгін, 27 тамыз күні Оралда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Азат елдің ар намысы – Ата заң» мерекелік іс-шара өтті.
Жастар мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік шараға қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып,құттықтау сөйледі.
– Баршыңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституциямыз осыдан 26 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда бекігеннен бері ол ортақ үйіміз – Қазақстанда тұрып жатырған барлық ұлттар мен ұлыс өкілдерінің басын біріктіріп, әрбір азаматтың көзқарасы, еркіндігі мен бостандығы, наным-сенімі, бейбіт өміріне кепілдік беріп келеді. Қаламыз Негізгі Заң жариялаған конституциялық нормалар мен қағидаларды жүзеге асыруға сүбелі үлес қосып келеді. Шаһарымыздағы саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың арқасында қамсыз еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Соған орай қала экономикасы өсіп, шаһар келбеті күннен-күнге ажарлана түсуде. Барлық жетістіктеріміз Конституциямыздың талаптары мен ережелерін басшылыққа алудың нәтижесінде қол жеткізілді. Егемен еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық келісім аясында өркендеп, гүлдене берсін. Мереке құтты болсын!- деді шаһар басшысы.
Салтанатты шарада Конституция күніне орай бірқатар сала мамандары мен жастар марапатталды. Мерекелік марапатқа №8 өрт сөндіру бөлімшесінің аға нұсқаушысы Азамат Нұрбеков, «Жайық Таза Қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушісі Ғұбайдолла Малаев, «Жайық Таза Қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаскелік инженері Раниль Искаков, “Орал Таза Сервис” ЖШС-нің жүргізушісі Талғат Нұрымжанов, Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова, волонтер Ырысбек Өтеген, №2 өрт сөндіру бөлімшесінің аға нұсқаушысы Нұрбол Нукатов, “Жайықжылуқуат» АҚ слесарі Алексей Фузейн, “Батыс Су Арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су құбырлары жүйесінің учаске басшысы Серік Бисеналиев, №3 қалалық емхананың терапевт дәрігері Ирина Понамарева, №1 қалалық емхана медбикесі Анна Морозова лайық деп танылды.
Сондай-ақ шарада Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәлігін салтанатты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нәдір Құрымбаев табыстады.
Пікір үстеу