Президент стипендиясын тағайындау ережесі өзгереді
ҚР Президенті стипендиясын тағайындау ережелеріне Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №69 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
Аталған «ҚР Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер енгізілсін:
Президент стипендиясы меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен магистранттарына тағайындалады.
Стипендия:
1) студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға;
2) анағұрлым талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға;
3) интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.
«Ғылым және жоғары білім министрлігі стипендияны Президент қаулысының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар мен меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына 2023 жылғы 30 наурызға дейін бөледі. Күндізгі оқыту бойынша студенттер мен магистранттар саны 700 адам болатын жоғары оқу орындарына стипендия бөлінбейді. Сондай-ақ, стипендия студенттерге 3-курстан бастап, ал магистранттарға екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттер мен магистранттарға беріледі», – делінген бұйрықта.
Стипендия келесі санаттағы студенттер мен магистранттарға тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалықтар, өнертапқыш авторларға;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары барларға;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындарға;
4) ЖОО-ның қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындарға.
«Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады және ол бір академиялық кезеңге тағайындалады. Сол сияқты стипендия жоғары оқу орны ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін. Үміткерлер арасында тең жағдай туындағанда жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған студенттер мен магистранттарға, бала кезінен мүгедек шәкірттерге беріледі», – деп толықтырылған құжатта.
Дереккөз: kazinform.kz
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру