ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕН СЫЙ
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында БҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына сыйлықтар тарту етті.

Полиция қызметкерлері қаладағы №20 мектеп ұжымымен бірлесе отырып, Аяз ата мен Ақшақар киімінде балаларға жақсы көңіл күй сыйлады. Зашаған кентінің бірқатар тұрғындарына соның ішінде ер азаматтарынан айырылып, көп бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналарға көңіл бөлуге тырысты. Атап өтер болсақ, 4 балалы Сапунковтар отбасына, 4 баласы бар Таишевтар отбасы, 6 балалы Әбдрахмановтар отбасына, сондай-ақ, қызмет бабында қаза болған ішкі істер органдарының қызметкері Сералиев Даниярдың отбасына барды.
Сырым ауданы Пб Учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Сералиев осыдан тура бір жыл бұрын қызмет бабында жүріп жол-көлік апатынан қаза тапқан еді. Алайда, кенеттен көз жұмған тәртіп сақшысының әріптестері марқұмның жолдасы мен артында қалған үш баласын ешқашан назардан тыс қалдырған емес.
Тосыннан келген Аяз Ата мен Ақшақарға балалар өз өнерлерін көрсетіп, тақпақтарын айтып, қуанышты сезімде болды. Отбасы мүшелері Аяз Ата мен ақшақардың айналасына жиналып, қасына суретке түсіп, ризашылықтарын білдірді. Балалардың Жаңа жыл сайын Аяз атасынан сыйлық сұрап, хат жазатындарын да жеткізді.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу