8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2024 3034 0
Мезгіл мәселесі

Полиция қызметкерлері су тасқынынан қорғау жұмыстарына көмектесуде

Облысымыздың бірқатар өңірінде қардың қарқынды еруінен және бірнеше күн жауған жауын-шашын салдарынан елді мекендерде су тасқыны орын алды. Осыған байланысты төтенше жағдай бағытында арнайы штаб құрылды.

Әсіресе, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Бөрлі аудандарында адамдарды құтқару, эвакуациялау және оларды арнайы эвакуациялау пунктеріне жеткізу, суда қалған малдарды алып шығу бағытында жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері эвакуацияланған елді-мекендердегі азаматтардың мүлкін қорғау үшін тәуліктік кезекшіліктер орнатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.

Жергілікті әкімдіктер, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарды сорып алу және адамдарды құтқару бойынша жан-жақты шара қолдануда.

Қазіргі уақытта облымысызда 28 бағыттағы жолдар жабылды, оның 18 жолын су басты, оның ішінде 4 облыстық және 14 жергілікті маңызы бар автожолдар. Салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен стационарлық бекеттер орнатылды.

Ақтөбе облысы Қобда ауданын су басуына байланысты Самара-Шымкент республикалық маңызы бар тасжолы (Жаңаөмір ауылынан – Ақтөбе облысының шекарасына дейін) жабылды. Жалпы су тасқынынан қорғау жұмыстарына 64 полиция қызметкері мен 33 техника жұмылдырылды.

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар департамент басшылығының тікелей бақылауында.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»