8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2019 1904 0
Өзек

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ КӨЛІГІМЕН БАЛАНЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

Оралда полиция қызметкері көлігімен баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 5 ақпан күні кешкісін Зачаган кентіндегі Е.Брусиловский көшесі бойында орын алды. «Нива» автокөлігі баланы қағып кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы А.Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 20.13-те шақырылды. Жедел жәрдем көлігі 20.19-да жеткен. 2007 жылғы бала облыстық ауруханаға жеткізілді. «Облыстық ауруханада баланы нейрохирург қарады. Одан облыстық балалар ауруханасына жолдаған. Онда хирург қарап, жағдайы жаман еместігін айтып, ауруханада жатқызудың қажеті жоқ деп шешкен. Амбулаторлық ем алуға жіберілген. Баланың бетінде ісік бар», деді А.Сақпосынова.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Қызметтік «Нива-21214» автокөлігінің рулінде полиция департаменті автошаруашылығының жүргізушісі болған. Баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша бала жолға жүгіріп шыққан. Оны қақпау үшін жүргізуші көлігімен қарсы бетке шығып барып, жолдан түсіп кеткен.

Дерекөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
142 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»