8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2019 2055 0
Қалалықтар қаперіне

ПОЛИЦИЯ БӨЛІНІСТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАЙДЫ»

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланысты орнату және полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 15 және 16 қараша күндері Батыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінде «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өткізіледі.

Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдайды.

Барлық аудандарда арнайы жабдықталған автобустар болады. Осы мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс әрекеттеріне шағымдана алады және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер органдарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.

Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан қабылдау, жол техникалық бақылау және әкімшілік практика бөліністерінің басшылары да жұмыс істейтін болады.

Акция 15-16 қараша күндері Орал қаласы Ж.Молдағалиев көшесі «Nur Otan»  партиясы ғимаратында және  Әбілхайыр хан даңғылы, 159 мекенжайы бойынша «Аяжан» сауда үйіне қарсы жерде сағат 10.00-ден сағат 19.00-ге дейін жалғасады. Осы күндері 98-40-18, 8-775-412-19-86 телефондары жұмыс жасайды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»