8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2024 3722 0
Қалалықтар қаперіне

Пітір садақа мөлшері белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айында пітір садақа мөлшері қанша болатынын бекітті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.

2024 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтағы орташа бағамен есептеліп, төмендегідей бекітілді:

Бидай 2 келі – 341 теңге.
Ұн 2 келі – 640 теңге.
Арпа 4 келі – 701 теңге.
Мейіз 2 келі – 5745 теңге.
Құрма 4 келі – 8536 теңге.

ҚМДБ мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 640 теңге болып белгіленді. Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдердің ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-інен 6-сына қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептеледі. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»