Педагогикалық колледждің жаңа стратегиясы бойынша жоба жұмыстары басталды
Жаңа оқу жылы Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Олар колледждің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлескен пилоттық жобасына қосылды. Республикадағы педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясы бойынша алғашқы жоба «Бастауыш білім беру» мамандағы бойынша эксперименталды бағдарламаны енгізуге бағытталған.
Бірінші қыркүйек бірінші курс студенттері үшін Педагогикалық шеберлік орталығы дайындаған «Мамандыққа алғашқы қадам» күні ретінде аталды. Бұл – болашақ мұғалімдердің заманауи мектепте оқу және жас мұғалімдердің өзін-өзін тиімді дамыту мотивациясына арналған ірі жобаның аясындағы арнайы жоба.
«XXI ғасырдағы білім беру» пікірталас семинарында табысты педагогтың үздік техникалары мен дағдылары талқыға салынды. Бағдарламада болашақ мұғалімдердің қызығушылығын тудыратын ойын-интерактивті тренингтер, шағын дәрістер, пікірталастар болды: «Z ұрпағы: Біз қандаймыз?», «21 ғасырда қалай оқимыз және неге оқимыз?», «Білім алу мен өзін-өзі жетілдірудің үздік техникалары», «Академиялық адалдық», «Мәтінмен жұмыс стратегиялары», «Студент көшбасшылығы – мұғалім көшбасшылығы».
Басты оқиға Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне экскурсия болды. Студенттер бұл жерде жұмыс істеуді армандайтындарын мойындады. Студенттерді мұғалімдердің практикасына қойылатын талаптардың өзгергендігі, олардың мектепке жақындай түскені туралы жаңалықтар қуантпай қоймады.
«Менің болашақ мектебім» кампустуры, көшбасшылық пен шығармашылық бойынша тимбилдинг пен тренингтер, «Менің кәсіби ұстанымым. Болашақ. Мансап» рөлдік ойыны, ал ең бастысы тәжірибелі мұғалімдердің шеберлік сағаттары сериясы студенттерге командалық рух, кәсіби ынтымақтастықты сезінуге мүмкіндік берді, – дейді Орал қалалық ПШО директоры Лариса Обыденкина.
Сонымен қатар бес күн бойы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері ұйымдастырған практикумдар мен шеберлік сабақтары колледж ұстаздарына жаңа педагогикалық тәсілдер негізінде пәндер бойынша оқытудың оқу бағдарламаларын, жоспарларын әзірлеу дағдыларын жақсартуға мүмкіндік берді. Орталық мамандары колледж педагогтерінің біліктілігін арттырудың 90-нан астам бағдарламасын дайындаған.
Айта кетейік, NIS және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің бірлескен жобасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арасындағы меморандумға сәйкес жүзеге асуда.
Версия для печати
Пікір үстеу