ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесі бюросының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №102 қаулысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының 39-тармағына сәйкес құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам, оның іщінде «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында қоғамдық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету деп көрсетілген. Осы бағытты ұстанған Орал қаласы полиция басқармасының басшы құрамы 2019 жылғы ақпанның сегізінде басқарманың акт залында «Парасыз болашаққа бірге» тақырыбымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Жұбаныш Аманқос Сағынұлы, «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының ресми өкілі Азамат Махамбетұлы Нысанбаев, Орал қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Нұрлан Абылайұлы Бисенов және басқарманың жеке құрамы толықтай қатысты.
Кездесуде алғаш сөз алған полиция майоры Нұрлан Абылайұлы басқарманың жеке құрамы арасында жеке бас тәртібінің сақталып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем жол берілмеуін талап етті. Одан әрі «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының ресми өкілі Азамат Махамбетұлы 2018 жылда партия тарапынан атқарылған іс-шараларды қорытындылап, партия жанында қоғамдық қабылдау жүргізілетінін баяндады. Азғантай мөлшердегі пара үшін көп көлемде айыппұл төлеген кейбір ірі лауазымды тұлғалардың заң алдында жауапталғанын мысалға келтіріп, еңбеккке араласқан жастарды қателік жібермеуге шақырды. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында талмай еңбек етуге үндеді. БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Жұбаныш Аманқос Сағынұлы әуелі жеке құрам назарына сыбайлас жемқорлыққа жол бергендіктен өмірлері шырғалаңға айналып, отбасы мен туған бала-шағаларын, бауырларын көре алмай отырған бұрынғы жауапты лауазымдарда қызмет атқарған тұлғалар өмірінен бейнеролик көруді ұсынды. Бұған дейін Теректі аудандық білім беру бөлімі басшысының, Абай полиция бөлімінде қызмет атқарған үш мектеп инспекторының пара алып темір торға қамалғаны туралы айтып, бұндай теріс қылықтар жойылуын қадап айтты.
Кездесу соңында Орал қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Нұрлан Бисенов жеке құраммен кездесуге уақыт тауып келген әрі құзырлы мекеме басшыларына алғысын айтып, сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларына ынтымақты жұмыстануға шақырды.
Гүламан Исмағұлова, Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печати
Пікір үстеу