Пара алғаны үшін 10 жылға сотталды
«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының бұрынғы басшысы Заурбек Қыпшақбаев 32 млн теңге пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Күдікті сараптаманың оң нәтижесі үшін жергілікті кәсіпкерден қаржы алды деп айыпталды. Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі «Бірнеше рет пара алу» бойынша кінәлі деп таныды. Айыптаушы тараптың мәліметінше, күдікті «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының басшысы қызметін атқара жүріп, мердігер “Приоритет” компаниясын тексерген. Одан әрі мекеме басшысына нысандағы жұмыс сапа стандарттарына сай еместігі туралы электронды хат жолдапты. Сотта барлық сараптамалардың нәтижесі жарияланды. Соңғы мәміле – 2 млн теңгені аудару кезінде Қыпшақбаевты ҰҚК қызметкерлері ұстаған. Қыпшақбаев одан сараптамалардың оң қорытындысы үшін 40 млн теңге талап еткен.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол компаниядан 30 млн теңге алған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айнара Иса
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу