8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2019 2992 0
Қоғам

«Пайыз», «Сынып», «Әнұран» сөздері қолданыстан алынады

Халық алдында есеп берген ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 3000-нан астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілгенін айтты.

«Елбасының тапсырмасына орай, халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілді. Осыған орай өткен жылдан бері  қазақ тіліне аударылған 3300-ден астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді. Олардың 300-ге жуығы – халықаралық терминдер. Мысалы, «мұражай» деген сөз «музей» болатын болды. Мұрағат – архив, тағы сондай-сондай нәрселер.Termincom.kz сайтының негізінде терминологияның қазіргі жағдайы мен негізгі қағидалары туралы ақпараттандыру үшін электронды платформа іске қосылып жатыр. ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның жұмысы аясында орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде объектілер мен елдімекендердің атауларына өзгертулер енгізілді», – деді министр.

Жалпы, қайта қаралып өзгертілген сөздердің арасында  пайыз – процент, сынып – класс, мейрамхана – ресторан секілді көпшілікке сіңісіп кеткен сөздер де бар.

Бек ТӨЛЕУОВ
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»