8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2025 1606 0
Қалалықтар қаперіне

Пайдалы жәрмеңке

Орал қаласында Мансап орталығы мен қалалық прокуратураның бірлесуімен «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Бұл шара – жастарды қолдау мен өңірдегі жұмыссыздықты азайту бағытында жасалып жатқан нақты қадамдардың бірі.
Жәрмеңке барысында 20-ға жуық мекеме өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы саны 111 вакансия ұсынылған бұл шараға қаланың белсенді жастары мен жұмыс іздеуші тұрғындары қатысып, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараның басты ерекшелігі – жастар мен жұмыс берушілер арасында ашық әрі еркін диалогтың орнауы. Бұл өз кезегінде маман мен жұмыс орны арасындағы байланысты нақты әрі тиімді етуге сеп болды.
Осындай іс-шаралар арқылы талай жас өзінің кәсіби бағытын тауып, еңбек жолындағы алғашқы қадамын сенімді түрде бастай алады. Бұл – тек жұмыс емес, арманға апарар жолдың бастауы десек артық айтқандық емес. Мансап орталығы мен қала билігі алдағы уақытта да жастарға арналған жұмысқа орналастыру жобаларын жүйелі түрде ұйымдастырып тұруды көздеп отыр.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»