ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР
Жуықта БҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Орал қаласының полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің кәсіби шеберлігі шыңдалған жедел уәкілдері бірлесіп, 2022 жылы екі пәтер ұрлығына, 2023 жылы тағы да екі пәтер ұрлығына жол берген күдіктіні құрықтады. Ол соңғы төртінші қылмысты жасаған күні қолға түсті. Күдікті 2022 жылдың соңғы айларында және 2023 жылдың басында пәтер ұрлап, дәнігіп, осы мерзім аралығында 4 пәтерді тонап үлгерген. Ол әр пәтерге түнгі уақыттарды пайдаланып ұрлыққа жол берген. Мысалы: 2022 жылғы 15 қазанда түнгі сағат екіде «Газовик» саяжай қоғамын бетке алып, дәл осы саяжайдағы бір жер үйдің терезесін сындырып кіріп, үй иесіне тиесілі заттарды ұрлаған. 28 қазанда «Любитель природы» саяжай қоғамындағы бір үйлің пластик терезелерін сындырып үйге еніп, төргі бөлмедегі шкафтан құнды бұйымдар іздеген. Шкаф ішінде тұрған алтын бұйымдар мен 500 мың теңгені қымқырып, ілезде оқиға орынынан бой тасалаған. Көп ретте үй ішінен ақша мен алтын бұйымдарды шарқ ұрып іздеп, әр пәтердің астан-кестеңін шығарып кеткен көрінеді.
2023 жылғы 11 қаңтарда пәтерге ұрлыққа түсіп, 2 дана неке сақинасын, алтын сырғалар, алтын алқа сынды зергерлік бұйымдармен бірге 300 мың теңгені жымқырып кеткен. Соның салдарынан 1960 жылғы пәтер иесіне 1 миллион теңгеден аса материалдық шығын келген еді.
19 қаңтарда «Ескі аэропорт» ауданындағы кезекті пәтердің пластик терезелерін ішке қарай итеріп ашу арқылы, үй иесіне тиесілі «Самсунг» маркалы телевизор, «Хуавей» маркалы ұялы телефон және құнды жамылғыларды ұрлаған. 1962 жылғы бұл пәтер иесіне де 400 мың теңге материалдық шығын келді. Пәтер тонағыш жігіттің Орал қаласының тұрғыны екені, еш жерде жұмыс жасамайтыны полиция қызметкерлеріне мәлім болды. Тергеу алды барысында күдіктінің бұған дейін де қылмыстар жасап, істі болғаны анықталды. Осылайша 4 пәтерді тонаған тұлға ұсталды. Бүгінгі күні ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 бөлімімен іс қозғалды.
Орал қ.ПБ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу