8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2026 385 0
Тағылым

Отбасы өнегесі – ұрпақ тәрбиесінің өзегі

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай бүгін Достық үйінде «Берекелі отбасы» атты өнегелі отбасылармен кездесу ұйымдастырылды. Мерекелік шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы отбасы институтының маңызын арттыру, ұлттық тәрбие мен ұрпақ сабақтастығын насихаттау, сондай-ақ көпке үлгі боларлық отбасылардың өмірлік тәжірибесін жастарға таныстыру.

Тағылымды басқосуға Тасқала ауданынан Латиевтер, Бәйтерек ауданынан Қайырғалиевтер, сондай-ақ Орал қаласынан Досқалиевтер, Ұлановтар және Муталиповтар әулеті қатысты. Кездесу барысында өнегелі отбасылар шаңырақтағы береке мен бірліктің мәні, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, отбасындағы сыйластық пен татулық туралы ой бөлісті.

Қатысушылар өз әулеттеріндегі қалыптасқан дәстүрлер, ұрпақ тәрбиесіндегі ұстанымдары, отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңызы жөнінде әңгімелеп, жастарға өмірлік кеңестерін айтты. Әр отбасының жүріп өткен жолы, береке мен ынтымақты басты орынға қойған тағылымды әңгімелері жиналғандарға ерекше әсер қалдырды.

Шарада қатысушы әулеттер «Отбасы аманаты» тілек кітабына жас ұрпаққа арналған ізгі тілектері мен ақ баталарын жазды. Бұл кітап отбасылық құндылықтарды дәріптейтін символдық аманат ретінде көпшілікке ұсынылды.

Отбасы – адам өміріндегі ең қасиетті ұғым, мейірім мен махаббаттың, тәрбиенің, береке мен бірліктің бастауы. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпаққа отбасын қадірлеуді, ата-ана еңбегін бағалауды және ұлттық құндылықтарды құрметтеуді үйретеді.

Халықаралық отбасы күні құтты болсын! Барша шаңыраққа амандық, береке-бірлік, татулық пен бақыт тілейміз. Әр отбасының шаңырағы шаттыққа бөленіп, әр үйде қуаныш пен мейірім салтанат құрсын!

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»