8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2381 0
Қоғам

«ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕДІ» №18 5.05.2016

Ұлы Отан соғысының ардагері Мұхтар Әжіғұлов биылғы 1 мамырда 94 жасын ел-жұртымен, үрім-бұтағымен қарсылады.
Отты жылдардың куәгері, Сталинградты қорғауға қатысқан қарт майдангер бүгінгідей бейбіт заманды көзімен көргеніне тәубе дейді. Әйтсе де, өмір мен өлімнің ортасында жүріп, Отан үшін от кешкен күндерін бір сәт есінен шығарған емес.

Ұлы Отан соғысының ардагері Мұхтар Әжіғұлов биылғы 1 мамырда 94 жасын ел-жұртымен, үрім-бұтағымен қарсылады.
Отты жылдардың куәгері, Сталинградты қорғауға қатысқан қарт майдангер бүгінгідей бейбіт заманды көзімен көргеніне тәубе дейді. Әйтсе де, өмір мен өлімнің ортасында жүріп, Отан үшін от кешкен күндерін бір сәт есінен шығарған емес.

– Соғысқа алынған кезде бастапқыда пулеметші болуға үйреткен еді. Бірақ Астрахан жағындағы Қалмақ қырына парашютпен түскен немістерді жойған соң бізді басқа жаққа алып кетті. Сталинград шайқасында танкіге қарсы қарумен оқ ататынбыз. Тіпті оның мылтығы да, оқтары ауыр. Нысана – танкистер қарап отыратын саңылау. Алайда оған дәлдеп тигізу оңай емес. Ал оқ танкінің артындағы бакке түссе ол қызыл жалынға оранады. Сөйтіп жүргенде жараландым. Ол кезде мен сержант болатынмын, – деп есіне алды Мұхтар атай.

Радиотелефонистердің курсын бітірген жауынгер М.Әжіғұлов соғыста радист болып та қызмет еткен. Прибалтика жерінде жауды барлау арқылы олардың рациясынан ақпарат алумен шұғылданыпты. – Ақпаратты аудармашы неміс тілінен аударады. Біздің алып келген хабарымыз арқылы жаудың қайда бет алғаны, қай жаққа бұрылғаны, қай тұста тоқтайтыны анықталады. Осылайша біздің әскерге дұрыс әрекет жасауға жәрдемдестік. Барлауға барғандарды немістер ұстап алуы да мүмкін еді. Сол себепті бұл қызметтің қиындығы да, жауапкершілігі де мол болды, – дейді майдангер. Соған қарамастан соғыстың соңына дейін осы қызметті тыңғылықты атқарыпты. Ал 1945 жылдың 9 мамырын ІІ Прибалтика майданының құрамымен бірге Литваның Каунас қаласында қарсылаған. – Прибалтикада  соғысу өте қиын. Таңмен шық тұнып тұратын жолдармен көліктер, танкілер жүре алмайды. Сондықтан арнайы батальон әдейілеп тақтайдан 15-20 шақырым жол салады. Сол жердегі әскерді қалаға жібермей, теңізге өткізбей, сырттан көмек көрсеткізбей ұстап тұрдық. Ал елге  1945 жылдың қарашасында оралдым, – деді кейіпкеріміз.

Майданнан аға сержант болып қайтқан жерлесіміз аласапыран кезеңде Отан қорғау жолында опат болған, бүгінде арамызда жоқ боздақтардың барлығын Батырға теңейді. Мұхтар ата кейінгі ұрпаққа жау қолынан қаза тапқан майдандастарының ерлігін аңыз ғып айтудан жалыққан емес. Елі үшін жанын қиған ерлердің батылдығын көз алдынан өткізген ардагер:
– Соғыста жекпе-жек деген болмайды. Кейде окоптан шығу үшін оқты қарша боратқан пулеметті жоюға бір адамды жұмсайды. Ол өлетінін біліп тұрса да, жанын аямай, пулеметтің аузына өз денесін тосады. Өйткені пулеметті басқаша құрту мүмкін емес. Пулеметтің үні өшкен кезде  біз окоптан шығып «уралап» жүгіреміз. Бұл – немістердің жанды жері. Себебі олар бұл дауыстан қорқып, жан-жаққа қашады, – дей келе, соғыс даласында шейіт болғандардың есімін еш уақытта ұмытуға болмайтынын жеткізді.

Отандастарымыздың төккен қанымен келген Ұлы Жеңістің мән-маңызы ерекше. Сондықтан 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесін асыға күтетін соғыс ардагерлерінің қатарында Мұхтар Әжіғұлов та бар. – Бұл күні сонау ауыр жылдар, арамызда жоқ жолдастарымыз есімізге түседі. Олардың жанкешті ерлігі ұрпақтың жадынан өшпесін деп айта жүреміз. Ал біздің қатарымыз таусылған кезде оларды еске алатын жан бола ма, жоқ па?! Тек есімдері кітапта қалады, ал біз секілді ерлігін айтып отыратын тірі куәгерлер табылмайды. Сондықтан батырларымыз туралы деректер балаларға балабақшаларда, мектептерде көбірек берілуі керек, – деді келер ұрпақтың қамын ойлаған ардагер.

Ұлы Отан соғысының ардагері ел ішіндегі тыныштықты, татулықты жоғары бағалады. – Елімізде түрлі ұлттар мен ұлыстар бейбіт өмір сүруде. Бұл Елбасының көреген саясатының нәтижесі. Сонымен бірге жерді қазақстандықтарға жеке меншікке сату жөніндегі мәселені толық қолдаймын. Себебі, жер – адам өмірінің тамыры. Оны қорламай, баптап, құнарлығын арттырып, дұрыс көзбен қарау керек. Жас буын елін, жерін, халқын сүюі керек. Ұлы Отан соғысында да жауынгерлердің Отанға деген адалдығы Жеңісті жақындатуға септігін тигізді, – деген майдангер жер бетінде соғыс өртінің қайта тұтанбауын тіледі.

Ләззат ҚАЖЫМ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
131 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
168 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
414 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
896 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1273 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1164 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1632 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2249 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2414 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2421 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2472 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2477 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2079 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2956 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3009 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3003 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3618 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3585 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3576 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3551 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3712 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»