8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Сәуір 2022 2140 0
Қалалықтар қаперіне

Қос спортшыны қабылдады

Бүгін қала әкімі Миржан Сатқанов шорт-тректен бірнеше дүркін халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, жерлестеріміз Абзал Ажғалиев пен Әділ Ғалиахметовты қабылдады.
Биыл қос спортшы Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Абзал Ажғалиев Олимпиаданың ашылу салтанатында еліміздің туын ұстап шықты әрі сәтті өнер көрсетіп, финалдық кезеңге өтті.
—. Оралдан шыққан спортшылардың арасында тек өңіріміздің ғана емес тұтас ұлт мақтанышы болғандар аз емес. Солардың ізін жалғаушы спортшы жастарымыздың саны артып келеді. Сіздер Олимпиадаларда, халықаралық деңгейдегі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрсіздер. Өскелең ұрпақ сіздерден үлгі алып, ерен еңбектің арқасында спортта да, өмірде де үлкен жетістіктерге жетуге болатынын білді. Жеңісті жолды жалғастырып, биіктен көріне беріңіздер, — деген шаһар басшысы М.Сатқанов спортшыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтарды табыс етті.
Жылы шырайлы кездесу барысында А.Ажғалиев пен Ә.Ғалиахметов алдағы жоспарларымен бөлісіп, әкімге ризашылықтарын білдірді.

Өз тілшіміз

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
45 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
304 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
295 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»