Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында хабарланды.
«Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарын аяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді, комиссиялардың қызметіне әдістемелік қолдау қамтамасыз етілді, дауыс беру рәсімдерін қолдану мен референдум туралы заң талаптарын сақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық референдумды өткізуге және оны заң талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастыруға толық дайын екенімізді айтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Дайындықтың негізгі бағыттарының бірі комиссия мүшелерін оқыту болды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 13 наурызда оқытудың қорытынды кезеңі аяқталды. Жедел ақпаратқа сәйкес дайындық барысында 5800-ден астам оқыту семинары өткізіліп, оған әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың 71 мыңнан астам мүшесі қатысты. Дайындық деңгейін қосымша бағалау мақсатында қашықтан онлайн-тестілеу ұйымдастырылды.
ОРК Төрағасының айтуынша, іске асырылған каскадтық оқыту жүйесі ел бойынша комиссия мүшелерін даярлаудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндікберді.
Референдумға дайындық аясында заңнамада көзделген байқау жүргізуге қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Референдум учаскелерінде болуға құқығы бар өкілдері қатыса алатын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізілді.
Бүгінгі таңда 256 ұйым аккредиттелді, оның ішінде 11-ін Орталық референдум комиссиясы, ал 245-ін аумақтық комиссиялар аккредиттеді.
Отырыс соңында дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы дәстүрлі түрде тікелей эфирде бұқаралық ақпарат құралдарына ел бойынша дауыс беру барысы туралы әр екі сағат сайын ақпарат беріп отыратыны атап өтілді. Ақпарат берілетін нақты уақыт алдын ала жарияланатын болады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
Жаңа Конституция адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады – Абзал Құспан
SARAP отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды
Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауына қатысты

Кіру