ОРАЛДЫҚТАР «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ҚазИИТУ» ғылыми білім беру кешенінде бүгін өңіріміздегі «100 жаңа есім» жобасының иегерлері Ақсерік Əйтімов, Саида Халықовамен еркін форматта жүздесу өтті. Кездесуге ҚазИИТУ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың белсенді студенттері, №17 , 19 орта мектептің оқушылары жиналды.

Оқытушылар мен студенттер жоба жеңімпаздарына сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Алдымен ҚазИИТУ ғылым-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлы сөз бастап, ғылымның дамуы және білім қуған жас өз қалағанына жете алатынын, әлемге өзін мойындата алатынын жеткізді. Ерекше дарынды пианист, музыка акдемигі Саида Халықова жастардың сұрақтарына орай, өзінің балалық шағы және шығармашылығы туралы айтып берді.
– Жоба жеңімпазы атанғанымда мен өте керемет күйде болдым. Балалық шағым Орал қаласында өтті. Сол 1985 жылдары біз тұратын ауладағы балалар бір-бірімен өте жақсы қарым-қатынаста болды. Мектепке, биге, театрға бірге барушы едік. Жаз кезінде, оқу уақытында да өз-өзімізге айналысатын пайдалы ермек табатынбыз. Бұл сондай керемет кез еді. Менің әжем Самарада тұратын. Жазғы демалыста әжеме баратынмын. 6 жасымда алғаш рет әжемнің қасында бірге жүріп, жұмыс жасадым. Бала кезімнен әр істі жауапкершілікпен орындайтынмын. Үлкендер де маған сенетін. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атану зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Осы жауапты жүкті абыроймен ұстауға, кейінгі толқынға үлгі болуға тиіспіз, – дейді Саида.

Жиналғандар Саиданың шығармашылығына ерекше қызығушылық танытты. Оның жетістікке жетуіне ынталандыратын ұстанымы туралы сауалдар қойды.
–Шабытты табиғаттан аламын. Ауа райы ерекше болғанда туған қаламды сағынып жүргенде, шабытым оянады. Оралда тұрғандар оны бəлкім аңғармас. Бірақ шетте жүрсең, шаһардың ауасының керемет дауасы бар екенін сезінесің, – дейді талантты пианист. Бүгінде Саиданың 20-ға жуық өз туындысы бар. Күні кеше А.Островский атындағы драма театрда өткен концертінде туған жеріне арнаған жаңа шығармасын орындап, жерлестерін қуантты. Оған зал толы халық тік тұрып, қошемет көрсеткен болатын.
Студенттермен кездесу барысында Саида Тұрарбекқызы жастар үшін білімнің қажеттігін айтып, жиналғандарды іздену мен оқудан жалықпауға шақырды.
– Мен үнемі білімімді арттыруға, жан-жақты болуға талпынатынмын. Ұстаздарымыз: «Сіздер бүгін өз беделдеріңіз үшін жұмыс жасауларыңыз керек, ертеңгі күні беделдеріңіз сіздерге жұмыс жасайтын болады» деп айтатын. Оқытушылар шәкірттердің бәріне бірдей білім береді. Бірақ, оны қалай қабылдайтыны оқушының өзіне байланысты. Қазақ Ұлттық Университетіне оқуға түскенімде, ондағы кітапхана өте бай болатын. Күніге 13 сағатты университетте өткіздім. Лекциядан шыққанан кейін бірден кітапханаға баратынмын. Көп уақытым оқу залында өтетін, – дейді Саида.

Бұл пікірді Ақсерік Сарыұлы да қостап, жаңа технологиялар қарыштап дамыған заманда әр жас білім мен ғылым ізденуі керегін айтты. Әлемде бейбітшілік сақталса, бүгінгі студенттер білімнің биігін бағындырып, жоғары деңгейлі, білікті маман болса екен деген тілегін білдірді.
Кездесу соңында білім ордасының академиялық ректоры, профессор Ю.Афонин сөз алып, Саиданың талантына жоғары баға берді. Ал 25 жылдан бері осы оқу ордасын басқарып келе жатқан Ақсерік Сарыұлының ұшан-теңіз еңбегіне бас иіп, өз туындыларын табыс етті.
Саида профессордан жоғары баға алғанына толқып отырғанын жеткізіп, пианинода екі туындысын орындап берді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу