8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Мамыр 2026 375 0
ЭКСЖ жобасы аясында

Оралда жылу инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев өңірге жұмыс сапары барысында Орал қаласындағы жылу инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Вице-премьерге «Жайықжылуқуат» кәсіпорнында «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Орал қаласын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін стратегиялық нысанда соңғы жылдары бірқатар маңызды жоба жүзеге асқан. Атап айтқанда, градирня толық ауыстырылып, Жайық өзенінен алынатын техникалық су көлемі жылына 4 млн текше метрге үнемделді. Сондай-ақ №1 турбоагрегат жаңартылып, стансаның қуаты 12,5 МВт-қа артты. Бұдан бөлек, қуаты 28,5 МВт болатын «Hitachi» газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылды.

Сонымен қатар 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық аясында Орал қаласындағы №7 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Тозу деңгейі 65 пайызды құрайтын 1,8 шақырымдық учаске 24 бюджеттік мекеме мен 130 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді.

Қанат Бозымбаев құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту ісін жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
291 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
279 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»