8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қаңтар 2019 2717 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ЖАҢА ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Орал қаласында 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа үйдің ашылуына облыс басшысы Алтай Сейдірұлы қатысып, пәтер иелеріне салтанатты жағдайда кілттерін табыс етті.

  

Бұл Орал қаласы бойынша апатты жағдайда тұрған тұрғын үйдің орнына салынып, құрылысы аяқталған үшінші үй. Гагарин көшесі 1 мекенжайы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында салынған үй 126 пәтерлі. Олардың 12-cіне баспаналары апатты деп танылған отбасылар қоныстанса, бірқатар пәтерді «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламаларының қатысушылары және «Тұрғынүйқұрысжинақбанкі» салымшылары алды.

Жекеменшік-әріптестік бағдарламасы шеңберінде және жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылған үй құрылысын «Караванный путь» ЖШС жүргізген.

2016 жылы Орал қаласында апатты жағдайдағы үйлердің саны 52 болған еді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері  11 апатты үй сүріліп, 113 отбасы ЖАО меншігіндегі тұрғын үйлерге және құрылысшылардың ықпалдарымен уақытша басқа пәтерлерге қоныстанған. 2017 және 2018 жылдары екі үйдің құрылысы аяқталып, 48 отбасы жаңа пәтерге көшірілді.

Жақын арада Құрманғазы көшесі 198 мекенжайы бойынша апатты үйдің орнына салынған көпқабатты жаңа үй пайдалануға берілмек. Сондай-ақ 2019-2020 жылдары тағы үш үйдің құрылысы аяқталады.

Қазір қаладағы апатты үйлердің саны 41-ге азайған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
135 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
124 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
349 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»