Оралда зейнеткердің үйінен 8 түп «қарасора» табылды
2023 жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында республика аумағында есірткіні заңсыз өсіру, есірткі өсімдіктерін өсіру орындарын жою мақсатында «Қарасора-2023» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Мәселен, ағымдағы жылдың 2 тамызында «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал қаласы Коминтерн ауылында 1958 ж.т. зейнеткер ұсталды. Тәртіп сақшылары қарияның тұрғылықты жерін тексеру кезінде үйдің ауласында өсіру іздері бар 8 түп «қарасора» тұқымдасының өсімдіктері тауып, тәркіледі. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол өсімдікті көктемде егіп, өңдеген.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 айында облыс бойынша полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі құралдарын заңсыз сақтаудың 8 фактісін, психотроптық заттарды өткізудің 2 фактісін және заңсыз өсімдіктерді заңсыз өсірудің 16 фактісін анықтады.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу