ОРАЛДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР 20 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ
Бүгін Орал қалалық Полиция басқармасында 2019 жылдың жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Үмбетқалиұлы Әубекеров, қалалық мәслихат депутаты Амангелді Шманғалиұлы Ермекқалиев, БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Серік Қойсарыұлы Сүйінбаев, Орал қ.ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Жантемір Таңатарұлы Иманалиев, Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Муслим Ғилманұлы Жардемов, Орал қалалық білім беру бөлімінің жауапты қызметкерлері, Орал қ.ПБ, Абай мен Шаған Пб, ППБ, өзге де құрылымдық бөлініс бастықтары мен жеке құрам қатысты.

Жиында алғаш сөз алған басқарма бастығының м.а.полиция майоры Ж.Иманалиев өткен жылдың жұмысын қорытындылап, сеніп тапсырылған бағынысты бөлімдердің жеке құрамымен облыс орталығының аумағында жедел қызмет саласы мен құқықтық тәртіпті нығайтуда атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Есепті мерзім ішінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар 20 пайызға азайған. Қылмыстардың ұрлық, тонау, бұзақылық сынды негізгі түрлері 1295 фактіге азайған, пәтердің тоналуы 277, ұялы телефон ұрлығы 285, қалта ұрлығы 137, көше қылмыстары төмендеп, тонау 13, бұзақылық 71 фактіге төмен. Бұл сандар қылмыстардың алдын алу бағытында бірқатар іс-шаралардың жүйелі атқарылғанын көрсетеді.
Одан әрі жиында А.Ермекқалиев, М.Жәрдемов сөз сөйлеп, полиция басқармасымен бірлесе жүргізілген жұмыстарға оң баға берді.
Жиында қала әкімі А.Шыныбеков әр жылдың соңында жұмыс қорытындысы шығарылып, алға келелі міндеттер қойылатынына тоқталды. Қала тұрғындарының ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі белсенділігін айтып, азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, уақытпен санаспай жұмыстан табылатын тәртіп сақшыларының кез келген төтенше жағдайларға уақытылы ден қоюларын талап етті. Қаламыздың экологиялық тазалығы мен абаттандырылуына баршамыздың үлес қосып, жол-көлік оқиғаларына тосқауыл қойылуын, бұл үшін екі тараптың бірлескен жұмыс бағдарламасына сай жұмыстар жүргізілетінін баяндады. Бүгінгі таңда қала ішінде 200-дей бейнебақылау камерасы мен 20 мыңға жуық жарық шамдары орнатылып, 323 аула жарықтандырылған. Қала басшысы енді ПИК-інің жаңа жүйеге көшіп, 9 үй жөнделетіні, қоғамдық көліктерге де бейнебақылау камерасы орнатылып, жеке мүлік ұрлығына тосқауыл қою іс шаралары бірлесе жүргізілетінін айтты. Ал басқарма тарапынан айтылған криминалистік бағытта ритуалдармен бірігіп жұмыстану, УПП-іне қолайлы жағдай туғызып, жаңа ғимаратқа көшіру сұрақтары әкімдіктер тарапынан қолдау табатынына сенім білдірді.
БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі С.Сүйінбаев 2020 жылдың волонтерлар жылы болып белгіленуіне орай еріктілерді іздестіру шараларына көбірек тартуды ұсынды. Бұл үшін жастар ұйымдарымен ынтымақты жұмыс жүргізуге шақырды.Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуін қатаң талап етті. Жиынды қорытындылаған қала әкімі А.Шыныбеков жұмыла кіріскен әр істің берекелі болатынын айтып, алдағы уақытта жүзеге асатын бағларламалар мен іс шараларға сәттіліктер тіледі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу