ОРАЛДАҒЫ ЖАҢА №51 МЕКТЕП КҮЗДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бүгін БҚО-ның әкімі Ғали Есқалиев облыс орталығындағы өткен жылы құрылысы басталған №51 ЖББОМ жұмыс барысымен танысты. Жоспар бойынша білім ордасы 2021 жылдың бірінші тоқсанында тапсырылуы тиіс. Алайда мердігер құрылыс компаниясының өкілдері жұмысты ерте аяқтаймыз деп отыр. Айта кетейік, 900 оқушыға есептелген мектептің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын.

Бүгінде Зашаған кентінде 69 мыңнан астам тұрғын бар. Шағын аудандарда орналасқан №30, №10, №47 мектептерде оқушылар үш ауысыммен оқуда. Осы түйіткілді мәселені шешу бағытында салынып жатқан білім ошағының құрылысына 1 миллиард 731 миллион теңге қаржы бөлінген. Жаңа ғимаратта тас қалау жұмыстары аяқтала келген. Қазір ішкі жөндеумен қатар жарықтандыру, жылу жүйесін тарту жұмыстары атқалылуда. Жоспар бойынша мектеп келер жылдың алғашқы тоқсанында пайдаланылуға берілуі керек болса, мердігер компания құрылыс жұмыстарын ширатып, осы жылдық қыркүйек айында қолданысқа бермек ниетте. Дегенмен, облыс әкімі құрылыста сапаға бас мән беруді мердігер компания басшылығына тапсырды. Жетпіс мыңға жуық тұрғыны бар Зашаған кенті үшін бұл мектеп керек-ақ. Биылғы оқу жылының басында пайдаланылуға беріледі деп межеленген су жаңа нысанға қаладағы №38 мектеп көшіріледі деп жоспарланған. Аталған мектептің директоры Шынар Сағынғалиеваның айтуынша, бүгін білім ошағында 300 оқушы білім алса, соның 180-і осы Зашаған кентінен қатынайды екен.
Мектептің жалпы аумағы төрт гектарды құрайды. Үш қабаттан тұратын, 12 мыңнан астам шаршы метрді құрайтын оқу ғимаратының бірінші қабатында киім ілуге арналған орын, асхана мен шеберханалар орналаспақ. Ал екінші, үшінші қабаттарда кітапхана мен оқу залдары, оқу сыныптары мен спорт зал орналаспақ.
Облыстық білім басқармасы берген мәлімет бойынша аталған 900 орындық мектепті пайдалануға берген жағдайда екі аусыммен 1800 баланы біліммен қамтымақ. Жалпы өңірімізде сегіз мектеп үш аусымда жұмыс жасаса,12 білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етеді екен. Айтылған мектептерді күрделі жөндеу немесе жаңасын салу жұмыстары алдағы уақытта да біртіндеп шешімін таппақ.

Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу