Оралдағы түңгі клубта қолына қару ұстап билеген
Оралдағы түңгі клубтардың бірінде жас жігіт сөмкесінен қару шығарып ашық түрде билеп, көптің назарын өзіне аудармақшы болған. Оның бұл әрекетін жанындағы жолдастары видеоға түсіріп, желіге салып жіберген.
Әп сәтте тәртіп сақшылары жігіттің орналасқан жерін бірден анықтап, көңіл көтеретін орыннан азаматты мұқият алып шыққан. Әрі қарай, тексеру барысында суық қарудың шынайы емес, муляж екені анықталды. Осылайша өзіне назар аудартпақ болған қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне өзінің іс-әрекетіне қатысты түсініктеме берді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі (қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айнара ИСА
Пікір үстеу