ОРАЛДАҒЫ СУБҰРҚАҚТАРҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Биыл Орал қаласындағы субұрқақтарды абаттандыру жұмыстары басталады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй мәлім етті.

Шаһар аумағында 25 су бұрқақ бар. Олардың 11-і Тұңғыш Президент алаңында, 14-і қаланың орталығында орналасқан. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, жыл сайын тұрғындар тарапынан субұрқақтардың жағдайына байланысты ескерту-ұсыныстар түсуде. Осыған байланысты былтыр орталықтағы 14 субұрқақты күрделі жөндеуден өткіздің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған.
– Күрделі жөндеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Биыл үш нысан – Чапаев алаңы, С.Датов алаңы, М.Мәметова алаңындағы субұрқақтарға жөндеу жүргізіледі. Қалған нысандар бойынша жөндеу жұмыстары 2021 жылға жоспарланған, – деді Мирас Рүстемұлы.
Биылғы жылы субұрқақтарды жөндеу жұмыстарына 217 000,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу