8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2021 1580 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ ПОЛИГОНДАР ҚАРҒА ТОЛДЫ

Орал қаласындағы екі қар төгетін полигон қарға толып қалды. Бұл туралы «Жайық таза қала» ЖШС директоры Ринат Нұрғалиев мәлімдеді. Яғни жауын-шашынның көптігінен, үшінші қар тасу орны да енді ақ ұлпаға толуы мүмкін. Өйткені синоптиктер алдағы демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауатынын болжап отыр.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда биыл ақ ұлпа әлдеқайда көп түскен. Екі полигонға шығарылған қардың көлемі 603 мың тоннадан асқан.

– Үшінші орын «Жұлдыз» шағын ауданындағы Тәуелсіздік көшесі бойындағы полигон. Аталмыш орынға 2012-2017 жылдары қар шығарылған. Қазір Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы хаттама толтырылып, рұқсат алдық. Енді қала қары сол орынға тасылатын болады деді,– «Жайық таза қала» ЖШС директоры Ринат Нұрғалиев.

Қала бойынша бүгінде 300 жұмысшы мен 120 техника су тасқынының алдын алуға дайын. Арықтарды аршу өткен айда басталған. Бұл жұмысқа «Жайық таза қала ЖШС-нің» 350 қызметкері мен 120 техника жұмылдырылыпты. Тазарту мен қарды шығару тәулік бойы жүруде. Оралдағы үлкен және кіші айналма арықтар желісі 7360 метрді құрайды. Тазарту кезінде өткен жылдардағы тәжірибе негізге алынады, яғни су басу қаупі бар аумақтар бірінші кезекте аршылады.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»