ОРАЛДАҒЫ ӨНЕР ҮЙІ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бүгін, 25 мамыр күні БҚО әкімі Ғали Есқалиев ҚР орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беруі кезінде облыстағы құрылыс жұмыстарын баяндады.
Облыс басшысының мәліметінше, 2021 жылы кезекте тұрғандар үшін Орал және Ақсай қалаларында 324 пәтер және ауылдық елдімекендерде 139 пәтер беріледі. Сонымен қатар жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 1042 пәтер жоспарланған және дәрігерлер мен полиция қызметкерлері үшін үй салынады.
Өткен жылы облыстағы үш мектептің құрылысы аяқталған болатын. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 7-ден 4-ке азайды. Сондай-ақ 1 апатты мектептің мәселесі шешілді. Қазіргі уақытта 10 мектептің құрылысы жүруде, оның екеуі жеке инвестиция салынуда. Жыл соңына дейін 4 меткептің құрылысы тәмамдалады.
– Былтыр жеке инвесторлар есебінен 1 университет және 3 колледж студенттеріне арналған 1 мыңға жуық орны бар жатақханалардың құрылысы басталып, біреуін пайдалануға бердік. Осы жұмыстарға инвесторлар тарту арқасында жергілікті бюджеттің 6,5 млрд. теңге қаражатын үнемдедік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде өткен жылы аудандарда 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынса, биыл 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Бұдан бөлек, облыс орталығында салынып жатқан 900 орындық көпфункционалды Өнер үйі де Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілмек.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу