ОРАЛДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін Оралдағы Жастар мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Қала әкімі Абат Шыныбеков оралдықтарды айтулы мерекемен құттықтады.


– 2011 жылдан бастау алған Тұңғыш Президент күні – жақсы шаралармен айшықталып, Елбасыға зор құрмет көрсететін жалпыхалықтық мерекеге айналып отыр. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың егеменді Қазақстанды құрудағы еңбегі орасан зор екенін барша қазақстандықтар, барша әлем жұртшылығы мойындайды. 1991 жылғы 1 желтоқсандағы жалпыхалықтық сайлауда халықтың басым даусымен жеңіске жетіп, қазақстандықтардың сеніміне ие болған Елбасымыздың осы жылдарда елімізді әлемнің төрткүл бұрышына танытқаны баршамызға аян. Бұл қажырлы еңбектің нәтижесі. Бүгінде еліміздің әр азаматы өзінің қазақстандық екенін зор мақтанышпен айтады. Тәуелсіздік жылдары елімізде қандай қиын жағдай болмасын Нұрсұлтан Әбішұлы алға қойған басты мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бағытынан айныған жоқ. Бүгінде Елбасымыздың осы еңбегін дамыған мемлекеттердің көшбасшылары да жоғары бағалап отыр. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының бой көтеруі, көптеген әлемдік шаралардың ұйымдастырылуы, еліміздің бейбітсүйгіш, түйткілді мәселелерді шешуде айрықша рөл атқаратын ел ретінде танылуы да Елбасымыздың сындарлы еңбегі деп білеміз. Соның ішінде еліміздің батыс қақпасы, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық орталығы – Орал қаласының да елдің экономикалық дамуында үлесі елеулі, – деген қала әкімі Абат Шыныбеков өңірдің көркейіп, гүлденуіне үлес қосқан жандарға мерекелік алғыс хат табыс етті.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен ұзақ жылдар бірге жұмыстас болып, Домна цехы бастығының орынбасары қызметін атқарған, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазіргі уақытта жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, шаһарды абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысып жүрген қаламыздың тұрғыны Асқар Шораев және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, былғары қолғап шебері Темірболат Құбашев алғыс хатпен марапатталды. Қос ардагер Елбасымен кездескен сәттері туралы естеліктерімен бөлісіп, еліміздің тыныштығына тілеулес екендіктерін жеткізді.
Сондай-ақ өңірдегі фотосуретшілер, әр саланың үздік мамандары, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері марапатқа ие болды.
Мерекеге арналған салтанатты жиын Жастар мәдениет үйі өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, дәстүрлі халық әндері, рухты әндер әуеледі.
Эльмира НҰҒМАНОВА








Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу