ОРАЛДА «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай бүгін, 15 желтоқсан күні Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының БҚО филиалы мен Орал қаласының әкімдігі, Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тарту» атты оқушылар мен жас ақындардың аймақтық айтысы өтті.

Тиісті карантин талаптары сақталған сөз додасында Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысынан оқушы ақындар мен белгілі жас айтыскерлер өзара сайысқа түсті. Шараны Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының БҚО филиалының төрағасы Бауыржан Халиолла ашып, ақындарға сәттілік тіледі.
Айтысқа қатысушыларға Бауыржан Халиолла, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі ұстаз, ақын Дариға Мұштанова, ардагер-ұстаз, жұбантанушы Үзілдік Елеубайқызы, ұстаз-ақын, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Таймасұлы, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ерікқали Ахметов, айтыс ақыны, журналист, «Жайық Пресс» медиахолдингі Ақпарат агенттігінің бас редакторы Ертай Бимұханов қазылық етті.
Аймақтық айтысқа Батыс Қазақстан облысынан Орынбек Меңдіқұл мен Нұрдана Темір, Мұрадым Мирланов пен Абзал Наурызғали, Айнабек Бисенғалиев пен Нұрым Амангелді, Жарқынбек Шынтаев пен Әділ Ахметов, Бекболат Қаленов пен Райымбек Өтепов және Ақтөбе облысынан Бекзат Құлшар мен Сағыныш Смет қатысты.
Бұл айтыстың басты жаңалығы – сахнаға төселген белгілі айтыскерлер (тәлімгерлер) мен өнерге енді қадам басқан оқушы және жас ақындар бақ сынасты. Сайыс талабына сай тәлімгерлер айтыс жүлдесінен тыс қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша қаратөбелік Райымбек Өтепов пен оралдық Әділ Ахметов бас жүлдеге ие болды. Айтыстың арулары ақтөбелік Сағыныш Смет пен теректілік Нұрдана Темір ІІ орынды еншіледі. Сырымдық Нұрым Амангелді мен ақжайықтық Абзал Наурызғали ІІІ орынды өзара бөлісті. Жас ақындар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шара соңында Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сөз сөйлеп, айтысты ұйымдастырушыларға шаһар басшысы атынан алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті. Айтысты қорытындылаған Бауыржан Халиолла айтыстың демеушілері – Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дулат Жүсіпқалиевке, «Marhaban» шығыс асханасы кафесінің иесі Әсет Сұлтанұлына, жеке кәсіпкерлер Айбат Мырзағалиев пен Азамат Амангелдіұлына алғысхат пен естелік сыйлық тапсырып, қолдау білдірген баршаға рахметін жеткізді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу