ОРАЛДА ТҰЯҚБЕРДІ ШӘМЕЛОВ АТЫНДАҒЫ КОНКУРС ӨТЕДІ
10-11 қыркүйек күндері Оралда күйші-композитор Тұяқберді Шәмелов атындағы I республикалық әншілер мен домбырашылар арасындағы конкурс өтеді. Конкурсты Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Тұяқберді Шәмеловтың туғанына 70 жыл толуына орай Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы ұйымдастыруда.
Конкурсқа 18-45 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады. Конкурс екі жанрдан тұрады – ән және күй. Облыстық мәдениет басқармасы басшысы С.Дүйсентегінің мәліметінше, конкурсқа еліміздің әр түкпірінен 30 шақты үміткер қатысуға ниет білдіріп отыр. Олардың 17-сі күй жарнында, 13-і ән айтудан өнер көрсетеді. Елімізге танымал өнер адамдары қазылар құрамында болмақ. Қазылар алқасының төрағасы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері рофессор, дирижер Айтқали Жайымов.
– Конкурс санитарлық талаптарды сақтай отырып, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өткізіледі. Көрермендер залдың 30 пайыз толымдылығына ғана есептеледі, – дейді Сайран Дүйсентегі.
Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының директоры Асхат Қажғалиев таныстырып өткендей, конкурстың мақсаты – Тұяқберді Шәмеловтың шығармашалығын кеңінен насихаттау, төл аспабымыз домбыраға деген қызығушылықты арттырып, жастар арасында оң көзқарас қалыптастыру, еліміздің түкпір-түкпіріндегі домбырашылардың репертуарын жерлесіміздің күйлерімен толықтыру.
– Конкурстың ән жанрына қатысушылар бірінші кезеңде Тұяқберді Шәмеловтің бір әнін минусовкамен және өз таңдауы бойынша халық әндерінен бір ән орындайды. Екінші кезеңінде Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен Тұяқберді Шәмеловтің авторлық екі әні орындалуы тиіс. Ал күй жанры бойынша қатысушылар Тұяқберді Шәмеловтің авторлық екі күйін – «Дәулеткерей-Ақжелең», «Қали–Мәмен Күмбір күй» күйлерімен қатар, күйшінің репертуарындағы екі күйді орындауы тиісті. Күй жанрының екінші кезеңінде Тұяқбердінің «Еділ патша» күйі орындалуы міндетті болса, одан бөлек Тұяқберді Шәмеловтың репертуарындағы үш күйді және өз таңдауы бойынша халық композиторларынан бір күйді орындауы керек, – деп түсіндірді Асхат Тарасұлы.
Конкурстың әр жанры бойынша бас жүлде және бірінші, екінші, үшінші оырн иегерлері анықталады. Сондай-ақ Т.Шәмелов атындағы арнайы жүлде тағайындалып отыр.
Тұяқберді Шәмеловтың шығармашылығын насихаттау тоқтап қалмайды. Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің жетекшісі және бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Нұрымбетовтың авторлығымен күйші-композитордың шығармаларының алғашқы партитура жинағы шығарылмақ. Конкурсқа арнайы дайындалған бұл жинақта 26 шығармасының партитурасы бар.
Айта кетейік, күйші-композитордың 70 жылдығына арналған шаралар өңірде Жаңақала ауданынан бастау алған болатын. Облыс орталығында оздырылатын конкурстан соң туған жері Бөкей ордасы ауданындағы Саралжын ауылында Тұяқберді Шәмеловке арналған музей бұрышы және мүсіні ашылады деп күтілуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу