ОРАЛДА «СOVID-19» ЖҰҚТЫРҒАНДАР ЕМДЕЛУДЕН БАС ТАРТТЫ
Оралда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына «Сovid-19» инфекциясымен жатқызылған пациенттер ауруханада оқшауланудан бас тартып, үйлеріне жіберулерін талап етті.

Оқиға бүгін, 1 мамыр күні болған. Сағат 14.15 шамасында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқан 30 шақты адам үйлеріне жіберулерін талап етіп, мекеме ауласына шығып кеткен. Жүргізілген ПТР зерттеу қорытындысында олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны нақтыланған. Алайда, олар өздерінде симптомдары байқалмайтынын айтып, медициналық мекемеден кетпек болған.
– Медициналық қызметкерлердің талабына құлақ аспаған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жетіп, Полиция департаменті қызметкерлері жүргізген түсіндірме жұмыстарынан кейін сағат 14.45-те олар өз палаталарына барды. Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ, – деп хабарларды БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Болатбек Еркебұланұлы.
Қазіргі уақытта БҚО денсаулық сақтау басқармасы мамандары пациенттерге түсіндіру жұмысын жүргізуде.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 152 адам тіркелді. Тоғызы сауығып, үйіне шығарылды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу