Оралда скейтпарк салынуда
Орал қаласында көпфункционалды алаң салынуда. 14 тамыз күні облыс әкімі Алтай Көлгінов құрылыс алаңында болып, алаңдар салу, аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Қонаев көшесі бойындағы №49, 50, 51, 52, 53 үйлер аралығына көпфункционалды алаң салынуда. Жоба жергілікті бюджеттен қаржыландырылуда. Құны – 47 млн. теңге. Жалпы аумағы – 2 800 шаршы метр. Алаң street workout, футбол, екі балалар ойын алаңы және скейтпарк кешенін құрайды. Бұл қаламыздағы алғашқы скейтпарк болмақ.
Көпфункционалды алаңды «Марасант» ЖШС салуда. 1 шілдеден басталған құрылыс жұмыстары қыркүйекте аяқталуы керек.
– Скейтпарк толық бетоннан құйылуда. Аумағы – 600 шаршы метр болады. Футбол алаңы – 500 шаршы метрге есептелуде. Жұмыстарды аяқтауымыз жақын. Енді қоршауларды қойып, футбол және жаттығу алаңдарына резеңкелі қоқым төсеуіміз керек. Жаттығу құрылғылары қойылды, – деді «Марасант» ЖШС өкілі Рустам Дошимов.
Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мирас Мұлқайдың айтуынша, өткен жылдан бері қалада 24 спорттық және ойын алаңдарының құрылысы жүргізіліп, алды тапсырылды. Қыркүйекке дейін тағы үшеуі пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар 22 алаңның ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткен. Қаржылық мәселе оң шешілсе, 10 алаңның құрылысы басталады.
Қалада 386 аула аумағы бар. 2007 жылы аулаларды абаттандыру бағдарламасы қолға алынысымен 298-і абаттандырылған. Бүгінгі күнге 89-ы қалып отыр. Биыл 29 аула жаңартылуда. Сондай-ақ 23 аула үшін ЖСҚ дайындалуда. Облыс басшысы аулаларды абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу қажеттігін айтып, жыл сайын кемінде 30 ауланы жаңартуды тапсырды.
Эльмира НҰҒМАНОВА

Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу