8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Шілде 2025 1267 0
Оқиға

Оралда шенеунік 34 миллион теңгені құмар ойынға жұмсаған

Орал қаласы әкімдігінің қызметкері 34 миллион теңгені букмекерлік кеңсеге тігіп, 1 миллионынан айырылып қалған. Құмар ойынға әуестігі әшкере болған соң, ол дереу жұмыстан қуылды.

Қалалық прокуратура тексерісі барысында мемлекеттік кірістер мен полиция басқармаларында да осындай жағдайлар тіркелген. Құқық қорғау органдарының 24 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 16 адам қызметінен босатылды.

Қала прокуроры Мейірхан Ізімовтің айтуынша, бұл деректер мемлекеттік органдардағы бақылауды күшейту қажеттігін көрсетіп отыр. Еске салайық, 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуына заңмен тыйым салынған.
Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
126 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»