ОРАЛДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАН 11 НЫСАННЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ
Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус пандемиясы кезеңінде санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтау әр азамат және бизнес иелері үшін басты басымдылық болуы тиіс. Алайда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын көпшілік ұғынбай отыр. Аса сақ, ықыласты облыс тұрғындары осындай тәртіпсіздікті көріп, жергілікті органдарға жүгінуде. Мәселен, тұрғындар тарапынан «Аяжан» сауда үйінде, «Алтын алма», «Михаил» базарларында еліміздің бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің қаулысы сақталмай отырғаны туралы хабар түскен. Шағым бойынша текесеру жүрізіліп, бұл нысандардың бұзушылықтарға жол беріп отырғаны нақтыланды. Осылайша, іс материалдары сотқа жолданған.
Сондай-ақ Орал қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасы әкімшілік құқықбұзушылықтарға жол берген жеке тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-тармақшасы бойынша 30 хаттама толтырып, материалдар Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
Бұдан бөлек «Строитель» шағынауданындағы «Солнышко», «Продукты», Гагарин көшесінде «Радуга» , Еуразия даңғылындағы «Овощи-фрукты», «Минимаркет» дүкендерінде , Қонаев көшесіндегі гүл дүкенінде, Д.Нұрпейісова көшесі 14 /1 мекенжайындағы ательеде, Д.Нұрпейісова көшесі 14 /3 «Руслана», Әбілқайыр хан даңғылы 153 мекенжайындағы «Дина» шаштаразында, Еуразия даңғылындағы «Достар» кафесінде, Н.Назарбаев даңғылы 151 мекенжайындағы «Сабина» сұлулық салонында бұзушылықтар анықталған. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасы анықталған бұзушылықтарды жоймайынша, осы 11 сауда нысанына қызметтерін тоқтатуды ұсынды.
Көптеген бұзушылықтар азық-түліктердің оралмаған күйде сатылуы, адамдардың көп жиналуы, дезинфекциялық заттардың, келушілердің қолдарын өңдеуге арналған антисептиктер қорының болмауына байланысты болған. Сондай-ақ бірқатар нысандардың қызеткерлері маскасыз, қолғапсыз жұмыс жасаған. Ал кейбір нысандарда қызметкерлердің жұмысқа кірісер алдында денсаулығы мен дене қызуының көрсеткіші жазылатын журнал болмаған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу