8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Тамыз 2025 1112 0
Оқиға

Оралда полиция өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен тұрғынды ұстады

Оралда көлік басқару құқығынан айырылған азамат өзгенің автокөлігін заңсыз айдап кетіп, ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Орал қаласында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған азамат мас күйінде бөтен көлікті заңсыз иемденіп, полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қолға түсті. Оқиға 7 тамыз күні сағат 08:00 бен 16:00 аралығында болған. Белгісіз тұлға қаладағы ғимараттардың бірінің алдында тұрған Volkswagen Golf автокөлігін заңсыз айдап кеткен. Аталған жайт жөнінде дереу хабар түскен соң, жедел басқару орталығының үйлесімді жұмысы нәтижесінде күдікті азамат С. Датов көшесіне қарама-қарсы орналасқан «Арман» супермаркеті маңынан анықталып, «Автоураган» жедел тобының көмегімен ұсталды. Тексеру барысында 1995 жылы туған азаматтың бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан ол мас күйде рөлге отырып, өзіне тиесілі емес көлікті заңсыз айдап кеткен. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал көлік құралы заңды иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы, 1-бөлігі — (Автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену) және 346-бабы — (Көлік басқару құқығынан айырылған, мас күйдегі адамның көлік басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Айнара Иса

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»