ОРАЛДА ҚОС СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Зачаганск кенті тұрғындарының қуанышы еселеніп, жасөспірімдері және барша спорт сүйер қауымға екі бірдей спорт алаңы қолданысқа берілді.


Аталмыш алаңдар кенттің Құс фабрикасы және Балауса аудандарынан орын тепкен. Тәуелсіздік күні мерекесінде Зачаганск кентінің кішкентай тұрғындарына бұндай сыйлықты «Самрұқ-Қазына» АҚ компаниялар тобының “Samruk-KazynaTrust” әлеуметтік жобаларды дамыту қоры сыйға тартып отыр. Әмбебап спорттық және балалар алаңы үш аймақтан тұрады: футбол алаңы, алаң қыс мезгілінде xоккей кортына айналады, балалар алаңы және жаттығу аймағы. Ойын алаңы жасанды жабынмен, ал балалар және жаттығу алаңы жарақат алмас үшін арнайы резеңке жабынмен төселген.
Спорттық алаңдардың ашылу салтанатында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков өз сөзін жиналғандарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаудан бастады. Спорттың маңызы мен өзектілігін сөз етіп, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сондай-ақ жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, осы бағытты дамытуда әлі де талай жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Келесі болып ізгі ниеттің тізбегін жалғаған қоғамдық кеңес төрағасы Қамал Құбашев аталмыш алаңның салынуына ұйтқы болған азаматтарға халықтың алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Спорттық алаңдардың салтанатты ашылуында лента қию құрметі өңіріміздің мақтаныштары, өз саласының шеберлері, жоғары деңгейдегі жаттықтырушы, қол күресінен әлем және Азия чемпиондарын дайындаған бапкер Мұрат Ибатов және желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласынан әйелдер және ерлер арасында киокушинкай каратэден KWU әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралған Эльнара Тоғызбаеваға және Зачаганск кентінің аға буын өкілдері Қарғабаев Бейбіт және Құбашев Камал ағаларымызға ұсынылды. Салтанатты шара аудандардың жасөспірімдері арасында футболдан жолдастық кездесу мен көңілді сөре ойындарымен жалғасты.
Ашық аспан астындағы балалар алаңы лезде әткеншек тепкен бүлдіршіндер мен заманауи спорт құрылғыларын сынауға кіріскен балаларға толды. Бүгінгі салтанатты ашылып, қолданысқа берілген алаңдар қала тұрғындарына және жас спортшыларымызға спорттық әлеуеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік, жаңа белестерді бағындыруға жаңа күш береді деп сенеміз.



Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу